Қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн. теңгеден астам төленді

17 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгенін анықтады.

Өз кезегінде көрсетілген жұмыс жағдайы үшін қолданыстағы заңнамада педагогтарға  жалақыдан 40% мөлшерінде үстемеақы көзделген («Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкіметтің 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысы, «Білім туралы» Заңның 52-бабының 4-тармағы).

Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге 176, 2 млн. теңге мөлшерінде төлемдер жүзеге асырылды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу