You are here

Қ. Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша өңірлерде Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен жиналыстар өткізілуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қ. Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша Бас Прокурордың орынбасарлары, орталық аппарат қызметтерінің басшылары аумақтық прокуратура органдарының жеке құрамымен көшпелі жиналыстар өткізуде.

Өткен жылдың жұмыс нәтижесін қараумен қатар, өңір прокурорларының алдына қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша міндеттер қойылды. 

Облыс прокурорларына қоғамдық мүддені қорғау саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде жеке жауапкершілік жүктелді.

Осыған орай еңбек, тұрғын үй, коммуналдық және жер қатынастарындағы әлеуметтік мәселелерге уақтылы ықпал ету тапсырылды.

Сонымен қатар бюджет пен Ұлттық қор, соның ішінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдалануын қадағалау мәселелеріне басымдылық берілді. 

Өңірлердің экологиялық мәселелерін шешу және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау тапсырылды.

Қылмыстық процесте құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап, сот үкімі шыққанға дейін азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын  қадағалаудағы процессуалдық прокурорлардың рөлін арттыру талап етіледі.

Облыс прокурорлары өз кезегінде Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша заңды іске асырудағы алғашқы нәтижелері туралы есеп берді.

Мысалы, қылмыстық қудалау органдары 300-ден астам сотқа дейінгі тергеуді электронды форматта жүргізуде, 100-ден астамы бұйрық өндірісі тәртібінде.

Бас прокуратура өкілдері әріптестеріне азаматтарды қылмыстық процеске заңсыз тартуға, әуре-сарсаңға салу және тергеудің төмен сапасы үшін жауапкершілік артылатыны туралы ескертті.

Арнайы прокурорлардың алдына шектеусіз тұлғалар қатарының құқықтарына қатысты немесе мемлекет мүддесіне қомақты зиян келтірумен байланысты қылмыстық істерді  тергеу міндеттері қойылды.

Қ. Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша әрбір прокурор жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Ар-намыс кодексі мен қызметтік тәртіптің, соның ішінде жұмыстан тыс уақытта да сақталуына қатаң жауапкершілік жүктелетіні  туралы ескертілді.

       

Бас прокуратурасының баспасөз-қызметі     

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.