Қ. Қожамжаровтың Өзбекстан Бас Прокурорымен екі жақты кездесуі туралы

05 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қ. Қожамжаровтың Өзбекстан Бас Прокурорымен екі жақты кездесуі туралы - 1935065951

2018 жылғы 5 желтоқсан, Астана. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровтың Өзбекстан Республикасының Бас Прокуроры Отабек Мурадовпен екі жақты кездесуі болды.

Тараптар жасалған халықаралық шарттар шеңберінде қадағалау ведомстволары арасында қалыптасқан екі жақты қатынастарға оң баға берді.

Қылмыстық-құқықтық саладағы, соның ішінде сотталғандарды экстрадициялау, беру, қылмыстық кірістерді қайтару бойынша ынтымақтастық мәселелері жеке талқыланды.

Терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Өзбекстан - Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріндегі біздің негізгі әріптесіміз, жыл сайын ондаған қылмыскерлер экстрадицияланып, қылмыстық істер бойынша қажетті құқықтық көмек көрсетілуде», - деп атап өтті Қ.Қожамжаров.

Соңғы 2 жылда Өзбекстаннан біздің елге 5 тұлға экстрадицияланып, 127 азамат берілді. Одан әрі қылмыстық қудалау үшін өзбек тарапына 10 қылмыстық іс берілді. 

Кездесу соңында қазақстандық қадағалау органының басшысы әріптестерін келе жатқан мемлекеттік мереке – Өзбекстанның Конституциясы күнімен құттықтап, бейбітшілік пен одан әрі көркеюіне тілек білдірді.

Өз кезегінде Отабек Мурадов ведомоствоаралық ынтымақтастықтың қалыптасқан ведомствоаралық ынтымақтастыққа оң баға беріп, оны одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында өткен «Аймақаралық ынтымақтастықты нығайту және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру» атты халықаралық конференцияда шет елдердің қадағалау ведомстволары өкілдерінің қатысуы аясында Қазақстанның Бас Прокуроры Қ. Қожамжаров бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Қ. Қожамжаровтың Өзбекстан Бас Прокурорымен екі жақты кездесуі туралы - 413986291

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу