Қ. Қожамжаров ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесіне қатысты

20 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қ. Қожамжаров ТМД қатысушы мемлекеттер  Бас прокурорларының үйлестіру кеңесіне қатысты - 1475676651

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаров Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) өткен ТМД қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 28-отырысына қатысты.

Үйлестіру кеңесінің алаңы – заңдылықтың жай-күйіндегі проблемаларды, қылмыстылықпен күрес және құқықтық тәртіпті күшейтудегі жаңа әдіс-тәсілдерді талқылауға тиімді.

Жыл сайын отырыстарға ТМД мемлекеттерінің – Ресейдің, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан жоғары қадағалау органдарының басшылары қатысады.

Биыл шақырылған қонақ ретінде Сауд Аравиясы Корольдігінің Бас прокуроры келді.

Қазақстандық делегация шетелдік әріптестеріне құқық қорғау жүйесін цифрландыру және прокурорлық қадағалауға IT-технологияларын енгізу жұмыстарымен таныстырды.

«Қазіргі кезде Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша цифрлық технологияларды енгізе отырып, қылмыстық процесті реформалауды жалғастырып жатырмыз. Бас прокуратура бұл жұмысты үйлестіреді. Прокурорлық қадағалау да белсенді түрде электронды форматқа ауыстырылуда», - деп атап өтті Қ. Қожамжаров.

Қазақстанның қылмыстық істерді электронды форматта тергеп-тексеру, әкімшілік іс жүргізу және өтініштерді қарауды цифрландыру, тексерулерді автоматтандыру, сондай-ақ талдау және ақпараттық жүйелерді қолдану жөніндегі тәжірибесі айрықша қызығушылық тудырды.

Бүгінгі күні 7 мыңнан астам іс электронды форматта тергеп-тексерілуде, оның жартысы сотқа жолданған. Сот екі мыңнан астамын қарады.

 

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу