Қ. Қожамжаров: «Құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыты – қазақстандықтардың қауіпсіздігі»

06 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қ. Қожамжаров: «Құқық қорғау органдары қызметінің  басым бағыты – қазақстандықтардың қауіпсіздігі»  - 917797824

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында қоғам дамуының негізгі шартының бірі ретінде қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды.

Бұл тұрғыда ел Президенті құқық қорғау органдарының жұмысын сапалы жаңартуға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді.

Сервистік модельге көшуіне орай құқық қорғау жүйесінің жұмысы қоғам сенімімен және азаматтардың қауіпсіздігімен өлшенбек. Аталған реформалар келесі жылдан бастап жүзеге асырылады.  

Жолдауда халықты толғандыратын басқа да мәселелер көрініс тапты. Мемлекет басшысы коммуналдық тарифтерге, тұтынушылар қаржысының жұмсалуына және табиғи монополияларды реттеуге назар аударды.  

Сол себепті тарифке қатысты прокурорлық тексерулердің нәтижесі бойынша Үкіметке берілген ұсыныстар  Президент Жолдауын іске асыруға бағытталған  Жалпыұлттық жоспарына енгізілмек.  

Айтылған стратегиялық құжатта бизнеске заңсыз қол сұғу мен әкімшілік қысымнан қорғау ерекше аталады.     

Елбасы кәсіпкерлерге салынатын алымдар мөлшерін төмендету мен азаматтардың табысын жоғарылатуға бағытталған шараларды қарастыруға үш ай уақыт берді. Бұл  шағын және орта бизнесті қорғау үшін тұрақты түрде прокуратура органдары қабылдайтын ықпал етудің негізгі   шараларының  бірі. 

Экономикалық қылмыстар бойынша реприссивтілікті төмендету бөлігінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіру кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл тұрғыда біз санкцияларды төмендету мен жазаның баламалы түрлерін енгізуді қарастыратын заңжобасын әзірледік.

Президенттің тапсырмасына орай заңжобасы салықтық құқықбұзушылықтарға байланысты қылмыстық жауапкершілікті қолданудың ең төменгі айыппұл деңгейін 50 мың АЕК дейін көтеру нормасымен толығады.  

Сонымен қатар көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл амалдары күшейтіледі. Оларға қатысты қылмыстар жеке дара категорияға бөлінеді. Бұл қайта құрылатын Экономикалық тергеу қызметінің басты жұмысы болмақ.

Жаһандық масштабтағы урбанизация процесінің қарқынды дамуында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа амалдар қажет. Мемлекет басшысы атап өткендей, оған қол жеткізудің бірден бір жолы – цифрландыру. Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу бұл жолдың басы және жемқорлықты тежеудің факторы.  

Осы Президент Жолдауы барша қазақстандықтардың әлеуетін жоғарлатуға бағытталған еліміздің алдағы дамуын нақты белгілейтін оған дейінгі бастамалары арасындағы көпір іспетті.

Бұдан бөлек Елбасы жер қатынастары саласына қатысты жекелеген тапсырма берді. Бұл мәселе менің жеке бақылауыма алынды.  

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу