Қ. Қожамжаров бас прокурорлармен екі жақты кездесулер өткізді

20 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қ. Қожамжаров бас прокурорлармен екі жақты кездесулер өткізді  - 292614805

2018 жылғы 19 қыркүйек. Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Душанбе қ. (Тәжікстан Республикасы) сапары аясында Сауд Арабия Патшалығының бас прокуроры Шейх Сауд ибн Абдуллах Ал-Муаджабпен, Қытай Халық Республикасының бас прокуроры Чжан Цзюньмен, Қырғызстанның бас прокуроры Откурбек Джамшитовпен, Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмонмен, Өзбекстанның бас прокуроры Отарбек Муродовпен екі жақты кездесулер өткізді.

Қадағалау ведомстволарының басшылары халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды беру және өзара әрекет етудің басқа да өзекті сұрақтарын талқылады.  

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстанның бас прокурорлары арасында 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Қ. Қожамжаров шетелдік әріптестеріне Қазақстанда қылмыстық процесс саласындағы реформалар, түрмедегі адамдарды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру туралы ақпарат берді, сондай-ақ екі жақты қатынастарды кеңейту және тереңдетуге дайын екендігі турады айтты.

Кездесулер нәтижесінде тараптар тәжірибе алмасу және конструктивті өзара әрекет ету бойынша белсенді шараларды жалғастыруға келісті. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу