You are here

Іздеудегі адамды Ауғанстаннан экстрадициялау туралы ақпарат (Астана, 17ақпан 2017ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ауғанстан Ислам Республикасының құзыретті органдары Қазақстан Бас прокуратурасының қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ш. азаматын ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.

Ол, 2014-2015 жылдары Ақтау қаласында ЖШС-лардың бірінің директоры бола тұра, алдау мен сенімді теріс пайдалану арқылы  11 жәбірленушінің 80 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын ұрлаған. Ол жәбірленушілермен жаңа автокөліктер жеткізілімі туралы келісімдер жасасқан және алдын ала төлем алып, Қазақстаннан кетіп қалған.

Ол 2015 жылдан бастап Маңғыстау облыстық ІІД-мен іздеуде болған және нәтижесінде Ауғанстан аумағында құқық қорғау органдарымен ұсталған.

Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен ол Қазақстанға экстрадицияланып, Алматы қ. бойынша уақытша ұстау мекемесіне жіберілген.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.