You are here

Іздеуде болған Қазақстан азаматы елге қайтарылатын болды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Бауыржан Мольдиновты ұстап беру жөнінде  жасаған өтінішін қанағаттандырды.

Алаяқтықтың алты дерегі бойынша күдікті 42 жастағы Мольдинов ЖШС жетекшісі болып жүргенде кәсіпорынның басқа да қызметкерлерімен бірігіп, 2006-2007 жылдар аралығында жалған жолмен 60 млн-ға жуық теңге (59.330.000 млн теңге) бюджеттік қаражатты ұрлаған.

2010-2011 жылдары осы іс бойынша оның барлық сыбайластары алаяқтық үшін сотталған, ал Бауыржан Мольдинов тергеуден жасырынып қалған.

6 жыл бойы ол мемлекеттен тыс аймақта болған, нақтырақ айтқанда, ол Башқұртстандағы таныстарында жасырынып жүрген.  

Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығының арқасында Мольдинов Уфа қаласында ұсталды.

ҚР Бас прокуратурасы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне күдіктіні Ресей Федерациясының құзырлы органдарынан қабылдап алуға тапсырма берді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.