You are here

Із-түзсіз жоғалып кеткен немесе қайтыс болған деп танылған адамдар туралы азаматтық істер бойынша шешімдерге жасалған талдау қорытындылары туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2010-2013 жылдары із-түзсіз жоғалып кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы азаматтық істер бойынша шешімдерге талдау жасады.

Соңғы 4 жыл ішінде аталған санаттағы сот қараған істердің саны 21%-ға, яғни, 979-дан 1186 іске дейін өсті. Із-түзсіз жоғалып кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы қанағаттандырылған өтініштер саны да 570-тен 877-ке жоғарылады.

Прокурорлық мониторингтің барысында сот із-түзсіз жоғалып кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған, ал іс жүзінде тірі және белсенді өмір сүріп жатқан 112 азамат анықталды. Із-түзсіз жоғалып кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар бұл уақытта нотариалдық іс әрекеттер жасап, автокөлік құралдарын тіркеген, мемлекет шегінен асқан, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, түрлі қызметтерді алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген, олардың еңбекақыларынан міндетті зейнетақылық жарналар ұсталған.

Мәселен, Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен бұрынғы жұбайының өтініші бойынша 2013 жылы азамат Ж. із-түзсіз жоғалып кеткен кеткен деп танылған, ал сегіз жылдан кейін қайтыс болды деп жарияланған.

Алайда, тексеріс барысында осы жылдар бойы ол адам өзінің туған жері Солтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген, ал қазіргі уақытта ауыл мектептерінің бірінде директор қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, оны қайтыс болды деп жариялағаннан кейін ол екі мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жамбыл облысында із-түзсіз жоқ болып кеткен деп танылған 27 адамның 8-і жол жүру билеттерін алған.

Алматы аудандық соты Астана қаласындағы балалар үйінің өтініші бойынша екі тәрбиеленушінің анасын із-түзсіз жоғалып кеткен деп таныды. Сот тиісті мәліметтерді талап ету бойынша қосымша шараларды қабылдамаған, алайда азаматтық істі қарау кезінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде оның әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер болған.

Жалпы, жүргізілген талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, адамды із-түзсіз жоғалып кеткен деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау бойынша дәлелді базаны ұсыну жүйесі қайта қарауды қажет етеді. Мысалы, жеке адамды із-түзсіз жоғалып кеткен деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмінен ЖСН-ды шартты түрде алу туралы заңмен белгіленеген норма міндетті практикалық қолдануды талап етеді, ол тексеру барысында әшкереленген деректерді жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамды немесе жеке басын куәландыратын құжатты, басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жүгінген адамды арнайы есепке алу бойынша тексеру міндетті болу керек.

Оның үстіне бірыңғай ведомствоаралық ақпараттық жүйе әрекет етіп тұрған уақытта істі тергеу барысында нақты адам туралы мәліметтерді тексеру ешбір қиындық туғызбайды. Мәліметтер базасын бірегейлендіру жедел қызметкерлер мен судьялардың өзге органдарға ешқандай сұрау салмастан кез-келген тұлға туралы түбегейлі ақпарат алуына мүмкіндік береді. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ақпараттық-анықтамалық қызметтері де осы мақсаттарға сәйкес келеді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.