You are here

IV-ші Түрме реформасы форумы өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Жақып Асановтың төрағалық етуімен 4-ші кезекті Түрме форумы өтті. Іс-шараны Парламент, Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті тұлға, ІІМ, Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігі, сондай-ақ Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламаларының офисі ұйымдастырды.

Форумға Конституциялық Кеңестің төрағасы РоговИ.И., Парламент Сенаты Төрағасының орынбасарлары  Бекназаров Б.А., Громов С.Н., Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңестің Хатшысы ЖұмақановВ.З., Сенат және Мәжіліс Комитеттерінің төрағалары Ақылбай С.Б., Әбдіров Н.Н., Әділет министрі Бекетаев М.Б., Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  А.Д. Рахметуллин, Парламент депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Шәкіров А.О., ЕО жәнеЕҚЫҰ өкілдіктерінің басшылары, орталық құқық қорғау органдарының және мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ, сондай-ақ 36 елдің елшілері мен өкілдері қатысты.

 Алдыңғы үш форумның жұмысы және түрмедегі адамдардың санын азайту бойынша жобалардың іске асырылуы, сотталғандардың жұмыспен қамтылуы және олардың ресоциализациясы  қорытындыланды. Сонымен бірге «Азаптаусыз қоғам» атты жаңа жобаның тұсауы кесілді. Оның мақсаты қылмыстық процестегі және бас бостандығынан айыру орындарында азаптаулардың көзін түпкілікті жою болып табылады. Форумда атап өтілгендей, жыл сайын бізде тыйым салынған тергеу әдістері және тергеудегі және қамауға алынған адамдарға қатысты зорлық-зомбылық көрсету туралы 700-ге дейін арыз келіп түседі. Соңғы бес жыл ішінде азаптау әдістерін қолданғаны үшін құқық қорғау органдарының 140 қызметкері сотталды. Жоба шеңберінде 3 негізгі бағыттан тұратын іс-қимыл жоспары әзірленді, олар: азаптауларға жол бермеу, оларды тергеу және зардап шеккендерді оңалту болып табылады. Жоспар қылмыстық және азаматтық заңнамаға түзетулер енгізуді көздейді. Оларды Азаптауларға қарсы халықаралық конвенцияға сәйкес келтіру ұсынылады. Құқық қорғау органдарының ғимараттарында жауап алу үшін ашық қабырғалары бар, бейнебақылау камераларымен, телефонмен, дабыл батырмасымен жабдықталған арнайы кабинеттер құру ұсынылады. Сонымен бірге Форумда алдыңғы форумдарда тұсауы кесілген үш жобаның іске асырылуы қорытындыланды:

- қамаудағылардың санын бір ширекке, яғни 2012 жылы 48,6 мың адамнан 2016 жылы 35,6 мың адамға дейін төмендетуге қол жеткізілді.

 - халықаралық рейтингте Қазақстан 33-орыннан 68 орынға көтерілді;

- екі жыл ішінде ҚАЖ-дың 7 мекемесі жабылды, яғни бюджет 12 млрд. теңгеге үнемделді.

ІІМ-мен бірлесіп «Колонияларды жұмыспен қамту – 2017» жобасын іске асыру нәтижесінде:

- қамаудағылардың еңбекпен қамтылуы 51-ден 67 % дейін ұлғайды (+16%).

- 207 кәсіпкер колонияларда ЖК ашты (форумға дейін 16 болды, яғни 13 есеге өскен);

- 2,7 мың сотталған жұмыспен қамтылды (2 жыл бұрын болғанмен салыстырғанда 62 есеге өскен);

- 52 қамауға алынған адам жеке кәсіпкерлік ашты. Кәсіпкерлердің колонияларға келуі оңайлатылды (біржолғы рұқсат қағаздардың орнына 1 жылға арналған уақытша рұқсат қағазы беріледі);   

- көлікті колонияға өткізу уақыты 1,5 есеге ұзартылды;

- көлікті тексерудің бірыңғай уақытша стандарты қабылданды;

-  бақылау-өткізу пунктерінде бақылаушылар саны ұлғайды.

Мемлекеттің қолдауымен 26 мың сотталған әлеуметтік-құқықтық көмекке ие болды. Осы санаттағы 1234 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, түзеу мекемелерінен босатылған 310  адам 6,5 млн теңгеге жәрдемақы алды. Бұл адамдарға жергілікті жерде өз ісін ашуға жалпы сомасы 26 млн. теңгеге шағын несиелер берілді.

Форум алаңында қызығушылық таныта отырып, жаңа пікірлер айтылды. Форумға қатысушылардың жыл сайын өткізілетін форум пенитенциарлық саланың аса өткір проблемаларын шешу үшін тиімді алаң болып табылады деген ойлары бір жерден шықты.

ҚР Бас прокуратурасы Баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.