You are here

«Интернетті террористік мақсатта пайдаланудың алдын алу және оған қарсы күрес саласында тәжірибе алмасу» тақырыбында өтетін семинар туралы БАҚ үшін аңдатпа (2016 жылдың 28-30 қарашасы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

28-30 қараша аралығында Бас прокуратурада БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылған  «Интернетті террористік мақсатта пайдаланудың алдын алу және оған қарсы күрес саласында тәжірибе алмасу» атты семинар өтеді.  (прокурорлар желісі мен CASC Орталық органдардың 5-ші пленарлық кездесуі аясында).

Семинарға Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Бельгия, Грузия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан және АҚШ-тың құқық қорғау органдарының өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот сарапшылары қатысады.

Семинарда ақпаратты және жеке деректердің құпиялығын қорғау мәселелері, интернет қызметтер мен инфрақұрылымды террористік мақсатта пайдалануға қатысты халықаралық проблемалар талқыланатын болады. Іс-шараның негізгі мақсаты трансұлттық сипаттағы қылмыстарды тергеу барысында орталық органдардың арасындағы халықаралық ықпалдастықты нығайту.

Басталуы: сағат 10.00-де.

Қатысуға ниет білдіруші журналистерді 27 қараша күні сағат 18.00-ге дейін 71-27-37 телефоны немесе 7172049@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы тіркеуден өтуді сұраймыз.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, БАҚ өкілдерінің Бас прокуратура ғимаратына алдын ала, яғни, 28 қараша күні сағат 09.30-да келулерін сұраймыз.

Өтетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты, Мәжіліс залы.

 

 Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Байланыс телефоны: 8-702-277-31-37

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.