You are here

Халықтың сенім арту деңгейін арттыру мақсатында

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Биылғы жылғы 1 қаңтардан бастап республикамызда 2012 жылғы 1 шілдеден бастау алған «Айқын»  инновациялық жобасын енгізудің ақтық кезеңі басталды.

Бүгінгі таңда бұл жүйеге әртүрлі деңгейдегі орталық мемлекеттік органдар мен облыстық әкімшіліктерден бастап олардың қалалық және аудандық бөлімшелеріне, тіпті ауылдық округтерге дейінгі 8643 орган қосылған.

Жүйенің жұмыс істеу тетігі барынша қарапайым – кез келген азамат немесе заңды тұлға өзі берген жеке арызына нөмірі жазылған жыртылмалы талон алады да, ол арқылы біздің сайттан оның қаралуының бүкіл тарихын біле алады – кім орындаушы, қашан тіркелді және қашан жауап берілді. Бұл мәліметтер «Арыздардың бірыңғай есебі» деректер қорынан алынады.

Арыздардың қаралуын қашықтан бақылау мұмкіндігі  қажетті ақпарат алуға кететін уақытты барынша үнемдейді.

Көптеген арызданушылар бұл жүйенің оңтайлы жағын көріп үлгерді. Мысалы, өткен жылы арызданушылардың жартысынан астамы, яғни 265 мың адам біздің сайт арқылы өздерінің арыздарының қаралу барысын тексерген.

Былтыр531 мыңнан аса талон берілген, бірақ арызданушылардың басым бөлігі негізінен тікелей әкімшіліктерге жүгінетіндігін атап өту қажет, жалпы олар 360 мыңнан асаталон берген. Арыздардың негізгі тақырыбы еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнеткерлікпен қамтамасыз ету, жерді пайдалану, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, заң әділеті мен өзге де мәселелерді қамтиды.

Сәйкесінше, мемлекеттік органдардың арызданушыға уақтылы және толық жауап беруге жауапкершілігі де артады. Олардың жұмыстарының жеделдігін арттыруға қоғамдық бақылау да септігін тигізуде.  

Өткен жылы арызда көрсетілген талаптарды қанағаттандырудан бас тарту саны  35 пайызға (92 287-ден 60 121-ге дейін),сондай-ақ, жеке қабылдауда қабылданған арыздардың саны 32 пайызға (351 170-тен 240 414-ке дейін) азайған.

Ағымдағы жылдыңқаңтар айында 13 мыңға жуықталон берілген, оның4383-і аудандық деңгейде және 95-і ауылдық округтергетиесілі. Бұл талондар бойынша 3 мыңнан астам адам сайтқа жүгінген.

Көптеген азаматтар пошта арқылы арызданатындығын ескере отырып, пошта бөлімшелерінің қызметкерлері талонның түбіртегін тапсырыс хатқа тіркейтін болды.

Сонымен қатар, Комитет арызданушылар өздеріне жазылған жауаптардың түпнұсқасы қолдарына тигенге дейін сайттан қысқаша жауап алуының техникалық мүмкіндіктерін жасауда.

«Айқын» бақылау жүйесін жаппай енгізу халықтың мемлекеттік билік органдарына сенім деңгейінің артуына және арызданушы мен шенеуніктің тікелей байланысынбарынша азайтуға бағытталған.

ҚР  БП Құқықтықстатистика

және арнайы есепке алужөніндегі

комитетінің баспасөз қызметі

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.