You are here

Халықаралық ынтымақтастық – діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың тиімді нысаны

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бекжан Қараманов,

Бас прокуратураның

Әлеуметтік-экономикалық саладағы

заңдылықты қадағалау департаментінің

бөлім аға прокуроры                               

Прокуратура органдарымен тұрақты негізде басқа мемлекеттердің құзыретті органдарымен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында өзара пайдалы ынтымақтастықты жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Нақты айтқанда, соңғы екі жылда АҚШ, Ресей, Германия, Израиль және Түркия сияқты шет елдердің мамандандырылған оқу орындарында оқыту, Иордания, Испания, Сингапур, Германия және Малайзия құзыретті органдарына олардың терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың озық тәжірибесін зерделеу мақсатында прокуратура қызметкерлерінің баруы ұйымдастырылды.

Оқу барысында алынған білім, шет елдердің жұмыс тәжірибесі қадағалау органдарының осы бағыттағы қызметінің тиімділігін арттыру шеңберінде пайдаланылды.

Сонымен қатар тұрақты негізде шет елдердің құзыретті органдары, шетел ұйымдары өкілдерінің және жетекші мамандардың қатысуымен зорлық-зомбылық экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері саласында ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, Бас прокуратураның ұйымдастыруымен 2015 жылға маусымда Астана қаласында Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясы өткізілді. Мұнда Орталық және Оңтүстік Азия елдері өкілдерінен бөлек, басқа серіктес елдердін, халықаралық және діни ұйымдардың да делегаттары қатысты.    

Конференцияның қорытындысы бойынша оның қатысушылары зорлық экстремизммен күреске ұжымдық күш-жігерлерін бағыттауға, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында өзара тиімді іс-қимылды кеңейтуге дайын екендерін білдірді.

2015 жылғы қыркүйекте Бас прокуратурада «Орталық Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара әрекеттестігі» атты халықаралық форум өткізілді, оның жұмысына Қазақстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның құзыретті органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Орталық Азия өңіріндегі тайталастықтар мен қауіп-қатерлердің сәйкестендірілуі, зорлық-зомбылық экстремизге қарсы іс-қимылдағы халықаралық ынтымақтастықтың  мүмкіндіктері мен келешегі мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптар бойынша пікірсайыстар өрбіді. 

Форум қорытындысы бойынша экстремизм мен терроризмнің кез-келген түрлері мен көріністері қайдан шыққандығына қарамастан Орталық Азия елдерінің құқық қорғау және басқа да құзыретті органдарының оларды анықтап, жолын кесуде өзараіс-қимыл жасасу жолдарын жетілдірудің қажеттілігі қарастырылған бірлескен коммюнике қабылдады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы өзге де мүдделі органдармен бірге Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 29 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында Халықаралық терроризмге қарсы күрестің жаhандық желісін құру туралы айтқан бастамасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.