Халықаралық әйелдер күніне орай

07 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 7 наурыз, Астана қаласы. Халықаралық әйелдер күніне – 8 наурызға арналған салтанатты жиында Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров заңдылықты сақтаудағы қосқан үлестері үшін жылы алғысын білдіре отырып, ардагер әйелдер мен прокуратура қызметкерлерін құттықтады.

Мемлекет Басшысының гендерлік теңдік саласындағы саясатын ұстана отырып, прокуратура органдарының кадрлар құрамының үштен бір бөлігін әйелдер құрайтыны атап өтілді, олардың көпшілігі ар-намыспен және абыроймен басшы лауазымдарда еңбек етуде.

«Біз қатарымызда табанды, батыл да бірбеткей қыздардың қызмет ететінін мақтан етеміз, әділдік пен заң олар үшін жәй сөз емес», - деп атап өтті Қ. Қожамжаров.

Мемлекеттік айыптау, қылмыстық қудалау және қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы жетістіктерімен ерекшеленген қызметкерлер арасында  ол Бас Прокурордың көмекшісі Айгүл Темірбаеваны, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Сәуле Әбдірахманованы, Жамбыл облысының прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Ақерке Ізбанованы, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі Ольга Пилипенконы, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы прокурорының орынбасары Ақтоты Жолдыбаеваны ерекше атап өтті.

Бас прокурор қызметі мен отбасы қамқорлығын қатар алып жүрген көп балалы прокурор аналар Ануар Аидаға, Альбина Маутоваға, Әсем Рымбаеваға, Ирина Баранова және басқаларына зор ризашылығын білдірді.

Жас прокурордың лайықты ұрпағын тәрбиелеген ардагер әйелдерге де жылы лебіздер білдірілді.

Қ. Қожамжаров әйелдерді келе жатқан мейраммен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бейбітшілік және амандық тіледі.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Бас Прокурор прокуратураның 160-тан астам қызметкерлерін ведомстволық наградалармен және басқа да көтермелеу түрлерімен марапаттау туралы бұйрықтарға қол қойды.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Халықаралық әйелдер күніне орай - 1806087330

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу