You are here

Халықаралық семинар туралы баспасөз баяны (28-30 қараша 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Бас прокуратурасының, БҰҰ ЕҚБ-ның Ұйымдасқан қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі ғаламдық бағдарламасының (GPTOC) қамқорлығымен, БҰҰ ЕҚБ-ның Ауғанстан мен көршілес елдерге арналған аймақтық бағдарламасының қолдауымен, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдеріндегі трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шығу, транзит және тағайындау елдерінің прокурорлары мен орталық органдары желісінің  (CASC желісі) бесінші пленарлық кездесуі шеңберінде, «Террористік мақсаттарда Интернет пайдаланудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибе алмасу» тақырыбында үш күндік халықаралық семинар өз жұмысын бастады.

Семинардың жұмысына Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Нидерланды, Ресей, АҚШ құқық қорғау органдарының, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – трансұлттық сипаттағы қылмыстарды тергеп-тексеру кезінде орталық органдар арасындағы халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ дербес деректерді қорғау және олардың құпиялылығы мәселелерін қарау.

Конференцияның күн тәртібінің басты тақырыптары террористік мақсаттарда Интернет пайдаланудың әдістерімен байланысты қылмыстық әрекеттер мәселелері, терроризм туралы істерді тергеп-тексеру кезінде  жедел ақпарат пен дәлелдемелер жинау, шетелдік мемлекеттерден электрондық дәлелдемелер алу, сондай-ақ террористік мақсаттарда Интернет пайдаланудың алдын алуға бағытталған шаралар болды.

Семинарда Қазақстанның терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық халықаралық әмбебап конвенциялардың қатысушысы және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты жақтаушы болып табылатындығы атап өтілді.

Семинар алаңдарында ортақ талқылау мен пікір алмасу объективті талдау және террористік мақсаттарда Интернет пайдалануға қарсы практикалық іс-қимыл қолдану үшін идеялар, ұсынымдар жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.