You are here

Халықаралық дөңгелек үстел туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылғы 13-14 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Құқық қорғау органдарының кадр жұмысы: персоналды бағалау мен іріктеудің психологиялық және психофизиологиялық әдістері» деген тақырыпта халықаралық дөңгелек үстел өз жұмысын бастады.

Форум жұмысына Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Жоғарғы Соттың, АҚШ Елшілігінің өкілдері, Германия Федеративтік Республикасының сарапшылары, ғалымдар, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель атап өткендей, құқық қорғау жүйесін тиімді жаңғырту және қоғамның сұранысына сәйкес, қазіргі заманға сай құқық қорғау жүйесін қалыптастыру үшін қылмыспен күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қойылған міндеттерді жемісті түрде жүзеге асыруға дайын әрі қабілетті кадрлар қажет.

Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында құқық қорғау органдарында психологиялық, полиграфологиялық қызметтерді құруға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені енді Қазақстанда полиграфты пайдалану жұмысқа қабылдау, аттестаттау және қызметтік тексеріс жүргізу барысында міндетті болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында кадр жұмысының, персоналды іріктеудің, қызметкерлердің кәсібилігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.  Талқылау аясында АҚШ пен Германиядан келген шетелдік қонақтар сөз сөйлеп, кадрларды іріктеудің психологиялық және психофизиологиялық әдістері туралы, персоналды басқару тәсілдері жөнінде айтып берді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарындағы психолого-полиграфологиялық қызметтің ұлттық және халықаралық жұмыс тәжірибесі талқыланды, соның аясында шетелдік сарапшылар, психолог-мамандар, кадр қызметтерінің өкілдері өз пікірлерімен бөлісті.

Германиядан келген мамандар прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған оқу семинарын өткізді. 

Жұмыстың қорытындысымен Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылар тиісті ұсынымдар әзірлейтін болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.