You are here

Халықаралық дөңгелек үстел туралы БАҚ үшін аңдатпа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

17 қараша күні сағат 10.00-де Бас прокуратурада «Заңгер кадрларды даярлау, құқық қорғау органдарына іріктеу және жылжытудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараға Бас прокуратура және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы IRZ германдық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының қолдауымен бастамашылық жасап отыр.

Отырысқа Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар, Мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хабтың Астанадағы басқару комитеті, АҚШ, ГФР, Швейцария елшіліктері, Nazarbaev University, PWC, Ernst&Yong, Deloitte компаниялары, жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуы жоспарланған.

Қатысуға ниет білдіруші журналистерді 16 қараша күнгі сағат 16.00-ге дейін 7172049@prokuror.kz электрондық мекен-жайы немесе 71-27-37 телефоны арқылы тіркеуден өтуді сұраймыз.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, журналистердің алдын-ала, яғни, 17 қараша күні сағат 9:30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты, Мәжіліс залы.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: 71-27-37

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.