You are here

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында жиырма күннің ішінде 95 мың ақтөбелік түсіндіру жұмыстарымен қамтылды (2016 жылғы 20 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысында ведомствоаралық топ мүшелері жергілікті атқарушы органдармен бірге өзінің жұмысын жалғастыруда.

20 күннің ішінде 2 мың әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп, аймақтың 95 мыңнан астам тұрғыны қамтылды. 4 мың адам консультативтік және практикалық көмек алды.

Әлеуетті көмек объективті себептермен қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға тікелей көрсетілуде. Ол, бірінші кезекте, әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы жүргізілуде.

Осы күндері Алға, Мұғалжар, Шалқар және Темір аудандарында топ 354 мүгедекке барды, олардың ішінде 61-іне көмек көрсетілді.

Мысалы, 31 мүгедек протез-ортопедия заттарымен және кресло-арбалармен         қамтамасыз етілді. Осы жұмыс шеңберінде топтың сарапшылары Темір ауданының Кеңкияқ кентінде тұратын мүгедек баланың үйіне серуендейтін кресло-арба апарып берді.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылар санатындағы 2700 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көсетудің және «Өрлеу» жобасын іске асырудың тәртібі түсіндірілді. Осы бағдарлама бойынша бүгінде 73 адам көмек алды.

13 мыңнан астам еліміздің ең мықты дәрігерлерінің медициналық қарауынан өтті, соның ішінде «Денсаулық» медициналық поезының мамандары 4 мың адамды қабылдады. 3,5 мыңнан астам оқушы профилактикалық қараудан өтті, 189 азамат Астана мен Алматының емханаларына жолданды. 

Нақты айтқанда, 1 жастан 16 жасқа дейінгі 7 балада «туа біткен жүрек кемістігі» диагнозы анықталған, олардың барлығы медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласының Ұлттық ғылыми медициналық орталығына жолданды.

Бұдан бұрын әртүрлі аурулар анықталып, Ақтөбе қаласындағы клиникаларға жолданған бірнеше ондаған емделушілерге дәрігерлер тобы 20 қазаннан кейін ота жасауды жоспарлап отыр. 

 Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында жалақы бойынша берешегі бар 31 мекеме басшысымен кездесу өткізілді. Оларға консультативтік көмек көрсетілді, сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзған жағдайдағы жауапкершілік түсіндірілді.

 Осындай сөйлесулердің нәтижелері бойынша 46 жұмысшы алдындағы 3,3 млн. теңге мөлшерінде берешек өтелді.

Атап айтқанда, «Казцкуб» Нитрохим» ЖШС өзінің 21 жұмысшысы алдындағы 1,4 млн. теңге көлеміндегі екі айлық жалақысын төледі.

Азаматтарды еңбекпен қамту бойынша жұмыс жалғасуда.

Осы мақсаттарда бос қызмет орындарының 3 жәрмеңкесі өткізілді. Оларға 467 адам қатысты. 109 азамат жұмысқа орналастырылды.

Мысалы, ұзақ уақыт жұмыс іздеген Алға ауданының тұрғыны бос орындар жәрмеңкесінде «Еркетай» бала-бақшасынан жұмыс тапты.

Жоғары білімі бар және екі кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп жүрген Алға қаласының басқа тұрғыны «Жастық жігер» клубына еркін жұмыс кестесімен педагог болып жұмысқа орналастырылды.

Топ сарапшылары өңірде бизнес ортаны дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Жүргізілген тренингтер қорытындысы бойынша Мұғалжар, Шалқар және Хромтау аудандарының 50 ауылының әкімдері тұрғындарды кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандыру дағдыларына үйретілді. Қаржылық институттар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаумен қатар бұл ауыл тұрғындарының бизнеске белсенділігіне оң әсер етуде.

Нақты айтқанда, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржы институттарынан («Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры», «КазАгроФинанс», «Ауылшаруашылық несие корпорациясы», «Даму» КДҚ») 71 фермер және жеке кәсіпкер 342,5 млн. теңге сомасына қолдау алды.

Мысалы, 17 қазанда жеке кәсіпкер Б.Суюналин «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамыту үшін 2,2 млн. теңгеге несие беру туралы өтінішпен Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына жүгінген. Қаржы институты оның арызын бір күннің ішінде мақұлдады.

Сондай-ақ бизнес-белсенділікке халықпен кездесулер және ашық есік күндері әсерін тигізуде. Осындай іс-шаралармен 4 мың адам қамтылды, оның ішінде мыңға жуық бозбала және бойжеткендер өз бизнесін ұйымдастыру мен жүргізуге үйретілді.

Шағын және орта бизнес объектілеріне бару кезінде олардың өзекті проблемалары анықталып, шешілуде.

Топтың сарапшыларына 14 қазан күні Хромтау ауданында В.Габор жеке кәсіпкерлігі бау-бақша шаруышылығы үшін жалдап отырған жер телімін оның жеке меншігіне беру туралы өтінішпен жүгінді. Хромтау қаласының әкімі шаралар қабылдап, осы жер телімін В.Габор жеке кәсіпкерлігіне жеке меншікке беру туралы шешім шығарды.

Кең ауқымды түсіндіру жұмыстары барысында жетекші теологтар, имамдар, психологтар және өзге сарапшылар тобы ауылдырдың тұрғындарымен, соның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жеке және топтық кездесулер өткізді. Оларға экстремизм мен терроризмге қатысқаны үшін жауапкершілік туралы құқық нормалары жеткізілді, қарсы насихаттық бейнероликтер көрсетілді.

Халықтың түрлі топтарына профилактикалық әсер етілуде. Бүгінге 8,7 мың оқушылар, ата-аналар мен педагогтарға, 2 мың дәрігерлер мен мемлекеттік қызметшілерге, 1,5 мың әскери қызметшілер мен басқа да санаттағы азаматтарға қоғамның зайырлы тіректерінің, Қазақстан халқының дәстүрлері мен бірлігінің құндылықтары түсіндірілді. 

Мысалы, Шалқар қаласының оқушылар үйінде ауданның 200 жастарымен және азаматтық белсенділерімен кездесу ұйымдастырылды. Осы кездесудің қатысушылары топ құрамында бокстан Олимпиада чемпионы Е.Ыбраимовтың болуын оң бағалады.

Жалпы профилактикалық жұмыстар, соның ішінде мақсатты жұмалық уағыздар арқылы 36 мың адаммен жүргізілді.

Діндарлар мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Нақты айтқанда, жергілікті 20 имамды олардың теологиялық білімдерін және дағдыларын көтеру мақсатында оқыту бойынша жұмыс жалғасуда.

Сонымен қатар, тәжірибелі имамдарды тағайындау, ауылдық мешіттер қызметіндегі келушілердің рөлі мен маңыздылығын арттыру, садақаларды ашық санау арқылы тұрғындар арасында ресми дінбасыларының беделін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мысалы, ҚМДБ бас имамының бұйрығымен Шалқар қаласының жұмысшылар кентіндегі мешітке имам болып Е.Наурызбаев тағайындалды. Осы орайда мешіттерге имам етіп жергілікті діндарлардан тағайындау туралы сенушілердің қалаулары ескерілді.

Мешіт қызметкерлерінің мінсіз бейнесін қалыптастыру үшін аймақ мешіттерінің 572 келушілері мен тыңдаушыларына «Имамның бір күні» атты бейнеролик көрсетілді.

Ақпараттық қызмет шеңберінде насихат жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, 22 әлеуметтік топта 17 бейне ролик жарияланып, 9 деректі фильм мен 2 спектакль көрсетілді, оларды 9 мың адам қарады.

Интернетте құқыққа қайшы мазмұны бар 350 материал анықталды. Қабылданған шаралар бойынша ресурстардың иелері өз еркімен 118 материалды алып тастап, 7-не қол жетімділікті шектеді. 

Интернет желісінде радикализді насихаттауға қарсы іс-әрекеттердің тиімділігін арттыру мақсатында «YouTube» видео-хостингінде «Anti Terror» арнайы каналы жасалды.

Сонымен бірге, заңсыз контентпен күресуге барлық қолданушылардың мүмкіндіктерін пайдалану үшін «YouTube» видео-хостингінде терроризм мен экстремизмге үгіттейтін бейнероликтерді жою туралы нұсқаулық әзірленіп, «Facebook», «WatsApp», «Instagram», «ВКонтакте», «Мой мир» әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 596 материал, соның ішінде интернет-ресурстарда - 265 жарияланым, телеарналар эфирінде - 181 сюжет, БАҚ-тың баспа өнімдерінде -150 ақпарат жарияланды.

1405 жеке үйді аралап, «Интел-Сат» спутниктік сигналы «КазСат-3» сигналына ауыстырылды. Отандық «Отау ТВ» спутниктік хабар таратылуына 311 отбасы қосылды.

Интернет-ресурстарда Ақтөбе облысындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысты түсіндіру материалдарын тарату жалғасуда, сондай-ақ «Денсаулық» медициналық поезының маршруты хабарлануда. 

20 күн ішінде террористік акт кезінде немесе оның қаупі төнген жағдайда мінез-құлықтың тұрақты дағдыларана үйрету мақсатында аймақтың 13,6 мың тұрғынын қамтыған 132 іс-шара өткізілді.

Сауалнама көрсеткендей, 1400 мектеп оқышылары мен оқытушылары осы дағдыларды игерген. Ол үшін облыстың түрлі аудандарында 22 оқу-тәжірибелік сабақ өткізілді.

Осы мақсаттарда қоғамдық орындарда 7,7 мың тұрғынға тақырыптық булет таратылды.

30 объектінің терроризмге қарсы қорғалу жағдайы тексерілді, тренингтер барысында олардың 710 қызметкерімен төтенше жағдайлар туындағандағы іс-әрекеттер пысықталды.

Осы объектілердің барлығында терроризмге қарсы шараларды үздік деңгейге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Жекелеген топ күш құрылымдарын нығайту мәселелерімен айналысуда.

Нақты айтқанда, күш құрылымдарының 818 жеке құрамы үшін 5 командалық-штабтық жаттығу, 195 қызметкері үшін 12 нұсқаушылық және практикалық сабақтар өткізілді.

Жергілікті құрылымдарға орын алатын қауіп-қатерлерге ықпал етуге дайындықты арттыру бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді.

Аталған бағытта барлығы 96 іс-шара өткізіліп, олармен 8,6 мыңға жуық адам қамтылды.

Жалпы, өткір проблемалық мәселелер бойынша барлық бағыттарда азаматтарды қабылдау жалғасуда. Олар бойынша шаралар қабылдануда.

Аймақтың тұрғындары ведомствоаралық топ жүргізіп отырған жұмысқа оң бағаларын беруде.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.