

2015 жылғы 13 тамыздағы №101 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережесіне сәйкес 2016 жылғы 18 тамызда сағат 9-00-де Құқық қорғау органдары академиясында (Қосшы а., Республика көшесі, 16) магистратура және докторантура мамандықтары бойынша оқуға түсу емтихандарын қабылдау өтеді.
Киім нысаны – істерлік стиль.
Жиналу орны – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының кезекші бөлімі.
Өзімен бірге болуы тиіс – жеке куәлік, қаламсап.
Ескерту: Қазақстан Республикасы Бас прокурорының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратына ұялы телефон, мультимедиялық және өзге де техникалық құралдарды алып кіруге тыйым салынады.
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу