Германиядан экстрадицияланды

01 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 1 желтоқсан, Астана. Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан Интерполымен бірлесіп, қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан Хагай Изгияевті экстрадициялады.

Оны 1,5 млн. АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасаған деген  күдік бойынша Алматы қалалық полиция департаменті 2016 жылдан бастап іздестірген болатын.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Оған осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Изгияев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

 баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 27 66

8 (7172) 71 28 19

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу