

Бүгін Бас прокуратура тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық кеңес өтеді.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Мемелекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі және өзге де мемлекеттік, құқық қорғау органдарының өкілдері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар Бас прокуратураның жанындағы Консультативтік кеңес мүшелері, журналистер қатысады.
Жиналыс барысында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту, құқық қолдануышылық тәжірибесінің проблемалары, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары талқыланатын болады.
Басталуы сағат 16:00-де.
Форум жұмысы https://tengrinews.kz/tv/ сайты арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: 71-27-66
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу