Еуропалық парламент депутаттарымен кездесу туралы

18 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Еуропалық парламенттің Адам құқықтары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Кристиан Дан Преда бастаған Еуропалық парламент делегациясымен кездесу өткізілді.

Шетелдік меймандарға прокуратура органдарының қызметі, адамдардың құқықтары және бостандықтары саласындағы істердің жай-күйі, демократия қағидалары, сондай-ақ заңның үстемдігін қамтамасыз ету жұмыстары таныстырылды.

Делегация мүшелері еуропалық қоғамның қызығушылығын тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу мен ашықтығы үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді.

Депутаттар нақты істер бойынша прокурорлар берген ақпараттар мен деректі мағлұматтарға қанағаттанғанын жеткізді.

Бұдан бөлек қылмыстылықпен күрес жұмысында адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастық аспектілері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар сындарлы диалог үшін өз ришалықтарын айтып, ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру ниеттерін білдірді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу