You are here

Еуроодақ семинарында Қазақстанның құқық қорғау және сот органдарының өкілдері стратегиялық жоспарлау және жобаларды басқару негіздерін үйренеді (Ақмола облысы, Зеренді ауылы, 2016 жылғы 26-28 мамыр)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін құқық қорғау және сот органдарының өкілдеріне арналған стратегиялық жоспарлау және жобаларды басқару негіздері бойынша  үш күндік тәжірибелік семинар өз жұмысын бастады. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Семинарға қатысушылар–Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жобалық менеджменттің негізгі қағидаларымен, басқару шешімдерін қабылдау және жобалық мақсаттарға жету өлшемдерін бағалау тәсілдерімен танысады.

Бас Прокурор Аппаратының басшысы Ербол Өмірәлиев алғы сөзінде Еуроодақ жобасының сарапшыларына жобалық менеджменттің үздік тәсілдерін үйренуге және алған білімді жобалық басқару саласындағы сертификатталған бапкермен тәжірибелік сабақтарда бекітуге мүмкіндік бергендеріне алғыс білдірді.

Бас прокуратура өкілі Мемлекет басшысы жариялаған бес институттық реформаны жүзеге асыру аясында қылмыстық сот төрелігі жүйесіне жобалық басқару тәсілдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Еуроодақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының мақсаты Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай іске асырылып жатқан сот-құқықтық реформаларға қолдау көрсету болып табылады. Жұмыс сапасын жақсартудың заманауи тәсілдерін оқыту арқылы серіктес ұйымдар қызметкерлерінің әлеуетін арттыру жобаның ажырамас бөлігі болып табылады,–деп атап көрсетті жоба жетекшісі Уильям Ирвайн.

Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасын Солтүстік Ирландиялық ынтымақтастық ұйымы (NI-CO) Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ келісімінің аясында Ұлыбритания Әділет министрлігінің, Нидерланды пробация қызметінің, Польшаның Сот төрелігі және прокуратура мемлекеттік академиясының қолдауымен жүзеге асыруда.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.