You are here

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АВА ROLI Американдық заңгерлер қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы өкілдігімен ынтамақтастығы аясында «Орталық Азиядағы есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істердің мониторингі» атты аймақтық бағдарламаның жүзеге асырылуы жалғасуда. 

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жұмысшы топтары есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстармен күресу жөніндегі Тайландтың құқық қорғау құрылымдарының тәжірибесімен танысу үшін Бангкок қаласында болып келді.     

Сапар барысында Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Ұлттық бюро, Ақшаны жылыстатуға тосқауыл қою жөніндегі басқарма, Бас прокуратура, Қылмыстық сот, Ішкі істер министрлігі, Заңгерлер кеңесі, Сыбайлас жемқорлықпен күрестің ұлттық комиссиясы, Сот төрелігін қорғау және есірткімен күресудің халықаралық бюросы (INL), БҰҰ Қылмыстылықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес басқармасының өкілдерімен кездесулер өткізіліп, онда есірткі құралдарының заңсыз айналымыммен және сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстармен күресудегі негізгі жұмыстар туралы айтылды.  

Кесдесу барысында бірлескен ұсыныстар қабылданып, нашақорлық, есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстармен және есірткі бизнесімен күрестің ғаламдық проблемаларын шешу, есерткіге қарсы күрестің бірыңғай саясатын қалыптастыру мақсатында жедел мәліметтермен алмасу жөніндегі зерттеулер мен  талдау қорытындылары талқыланды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.