You are here

Есірткі қылмыстарына қарсы күрес мәселелері бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 3 маусым 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтіп, онда есірткі қылмыстарына қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Алқа жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, ішкі істер, әділет, ғылым және білім министрліктері, Кедендік бақылау комитетінің жетекшілері қатысты.

Жиналысты аша отырып Бас Прокурор атап өткендей, нашақорлық проблемасы қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерінің арасындағы ең өткірінің бірі болып отыр. Нашақорлықтың таралуымен және есірткі қылмыстарымен күрес бойынша қабылданып отырған шаралар күтілген нәтижелерге жеткізбей отыр.

Республикадағы есірткінің заңсыз айналымының масштабы туралы ресми статистика да куәландырып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, республикада нашақорлықпен ауыратын 40 мыңнан астам адам медициналық тіркеуде тұр, олардың арасында 314 әйел және 2069 бала бар, олардың 353-і 14 жасқа толмаған.

2012 жылдың басынан бері есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты 5000 қылмыс тіркелген. Өткен жылы 329 кг астам есірткі алынды, есірткі сатудың 2266 фактісі анықталды.

Бірақ бұл сандар еліміздегі есірткі жағдайының шынайы келбетін ашып көрсетпейді, – деді А.Дауылбаев.

Есірткі қылмыстарына тосқауыл қою бойынша жұмыс нәтижелерін бағалай отырып, Бас Прокурор уәкілетті органдардың, ең алдымен, ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, кеден және шекара қызметтеріндегі жұмыс тиімділігінің төмендігін және оның тиісінше ұйымдастырылмауын, олардың қызметтерінде шынайы жетістіктерге қарағанда қателіктер мен кемшіліктердің көп екенін атап көрсетті.

Есірткі қылмыстарымен күрес есірткінің азғантай көлемін сатудың жекелеген жағдайларын анықтаумен шектеліп отыр. Сатушылардың қылмыстық байланыстары схемаларының, есірткінің транзиттік каналдарының ізіне түсуге, ірі есірткі сатушыларын ұстауға   мүмкіндік беретін ұйымдасқан қылмыстық топтарды терең және мұқият тексеру жүргізілмейді. Осының салдарынан есірткі қаражаттарының түсу көздері, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар құқық қорғау органдары үшін қол жетімсіз болып қала береді. Көрсеткіштерге қатысты қалыптасқан айла-амалдар қолдану, жалған дәлелдер келтіру жолымен осының бәрінің орны толтырылады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарымен жағдай ушыға түседі. Тек өткен жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысқандары үшін 14 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Проблеманың өзектілігін ескере отырып, Бас прокуратура қалыптасқан жағдайды шешуге, есірткі бизнесімен күрестегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған  бірқатар нақты заңнамалық және ұйымдастырушылық-практикалық шараларды ұсынды.

Атап айтқанда, уәкілетті органдарға басты күш-жігерді есірткі бизнесі саласындағы қылмыстық топтардың қызметіне, есірткіні сату және контрабанда каналдарына тосқауыл қою, есірткі бизнесінің, есірткі бизнесінен түскен кірісті заңдастырудың ұйымдастырушылары мен белсенді орындаушыларын анықтауға шоғырландыру ұсынылды. Сондай-ақ еліміздің аумағына келуші азаматтарды, жүктерді және көліктерді міндетті түрде тексеру туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде бастама көтеру қажет деп табылды.

Өңірлік прокурорларға А.Дауылбаев құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша қызметін тиісті үйлестіруді, сондай-ақ жедел-тергеу іс-шараларын ұйымдастыру барысында заңдылықтың бұзылуын уақтылы анықтау және  жоюға бағытталған тиімді қадағалауды  қамтамасыз етуді тапсырды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.