You are here

Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету прокурорлық қадағалаудың басым бағыты ретінде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Андрей Кравченко,

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының орынбасары

Азаматтардың еңбек құқығының негізге алынатын кепілдіктері, атап айтқанда, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау, еңбегі үшін нендей де бір кемсітусіз сыйақы алу, еңбек қауіпсіздігі жағдайлары, демалу және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Азаматтардың еңбек құқықтары сақталуын қамтамасыз ету прокурорлық қадағалаудың басым  бағыттарының бірі болып табылады.

Азаматтардың еңбекақысын төлеуге қатысты конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады.

Осы мақсатта "Уақытылы жалақы" республикалық бағдарламасы жүзеге асырылып, оның аясында азаматтардың еңбек құқықтары мен оларды қорғау тәсілдерін түсіндіру бойынша  ауқымды жұмыстар ұйымдастырылды.

Прокуратура органдарында тәулік бойы жұмыс атқаратын Call-орталықтарының арқасында жалақы берешегі бойынша туындайтын  өзекті мәселелер туралы мәліметтерді уақытылы алу және әрбір дерек бойынша жедел әрекет жасаудағы өзекті мәселелер жойылды.

Прокуратура органдары жалақы берешегі бойынша қарыздарды өндіру жұмыстарын толығырақ жүргізуді азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2009 жылдың екінші жартысында бастады.

Мысалы, 2009 жылдың қыркүйек айында кәсіпорындардың өз қызметкерлері алдындағы жалақы бойынша берешегі 4,9 млрд. теңгені құраған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2011 жылдың аяғына аталған соманы 1,8 млрд. теңгеге дейін азайтуға мүмкіндік туды.

Бұдан кейін берешек біртіндеп азая бастады: 2012 жылдың басында берешек 1,6 млрд. теңгені құраса, 2013 жылы - 1,4 млрд. теңге, 2014 жылы - 859,7 млн. теңге, 2015 жылы - 735,1 млн. теңге болды.

Өткен жылдың басында экономикалық жағдайдың нашарлауы жалақы берешегінің күрт өсуіне әкеп соқтырды.

2015 жылдың ақпан айының 1-не  берешек 1,2 млрд. теңгеге дейін өссе, наурыздың 18-не ол 185 кәсіпорында 1,8 млрд. теңгеге жетті.

Аталған жалақы берешегінің күрт өсу беталысына байланысты оны нақты өндіру және одан әрі өсуіне жол бермеу прокуратура органдарының басым міндеттері болып белгіленді.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін қысқа мерзімде  прокурорлардың ғана емес, барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері жандандырылды.

Барлық проблемалық кәсіпорындарды зерттеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде берешекті өтеуге  нақты мүмкіндіктері бар кәсіпорындар тізімі жасалды.

Осы кәсіпорындардан жалақы бойынша қарыздарын өндіру  мақсатында мемлекеттік органдармен тексеру шаралары, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер  жүргізіліп,  жұмыс берушілер әкімшілік жауапқа тартылды және оларға ұйғарымдар енгізілді.

Бұл ретте басты назар жұмыс істейтін кәсіпорындарға аударылды, өйткені адамдар жалақысыз жұмыс істеп жатқан осындай кәсіпорындарда әлеуметтік шиеленіс ошағының пайда болу ықтималдығы  жоғары болып табылады.

Бүгінгі күні берешегін өтеу мүмкіндігі болған көптеген кәсіпорындардың қарызы өндіріліп, қалғандары үнемі ерекше бақылауда ұсталуда. 

Мысалы, 2015 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысында прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде «Земстрой» ЖШС-нің 144 қызметкеріне 40 млн. теңге қарызы өндірілді.

Тағы бір мысал, Қарағанды облысында прокуратураның ұйғарымымен "TroyTech" ЖШС-нің 120 қызметкеріне 4 жыл бойы төленбей келген 37,4 млн.теңге қарызы төленді.

Мұндай мысалдар жалғыз емес.

Жалпы, тек 2015 жылдың өзінде  прокурорлық қадағалау актілерінің арқасында 75 мыңнан астам  қызметкерге қарыз 6,6 млрд. теңгеден астам жалақы сомасы өндірілді. Бұл өткен жылдардың қарыздары және жыл бойына пайда болған ағымдағы қарыздар.

Прокурорлық қадағалау актісінің арқасында өз жалақысын алған әрбір қызметкердің артында оның жанұясы тұрғанын атап өту қажет.  Яғни, қабылданған шаралар қызметкерлердің кем дегенде тағы да 76 мың туыстары мен жақындарына әлеуметтік тұрғыда көмектесті.

Осы бағыттағы жұмыстың өзектілігі ең алдымен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталудан туындаған.

Осыған орай, прокуратура органдары бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырады.

Жалақы төленбеген жағдайда қызметкер        теріс пиғылды жұмыс беруші қарызды өздігінше төлейді деген көмескі үмітпен күтіп, шыдап отырмауы қеректігіне назар аударғым келеді.

Сондықтан еңбек инспекциясына, прокуратура мен сот органдарына жүгіну сияқты белсенді іс-әрекеттердің арқасында ғана еңбек ақысының уақытылы және толық төленуіне байланысты бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге болады.

Бұл мәселе бойынша біз сондай-ақ "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мен бизнес-қауымдастықтың қолдауын күтеміз, өйткені олар азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу тақырыбында жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізе алады.

Жалақы бойынша берешегі бола тұра, кәсіпкер ақшалай қаражатты жеткізушілермен есеп айырысуға немесе басқа да өндірістік мақсаттарға жұмсайтыны туралы да  мысалдар бар.

Қазірге кезеңде бизнестің қиын заманды өткеріп жатқаны анық, алайда, кәсіпкер ертеңгі күні жалақыны қайдан төлейтінін алдын ала білуі қажет.

Жалақыны уақытылы төлеуге әсер етуі мүмкін өндірісті қолдау мен дамытуға қаржыны бағыттау туралы шешімдер кәсіподақ ұйымдары мен еңбек ұжымдарымен келісе отырып қабылдануы тиіс.

Нәтижесінде әрбір қызметкерге ертеңгі күні ол өзінің жалақысын ала алатыны түсіндіріліп,  кепілдік берілуі тиіс.

Ішкі еңбек нарығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері прокуратура органдарының назарынан тыс қалған емес.

Өткен жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының іске асырылуына,  сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру заңдылығына  тексерулер жүргізілді.

Тексерулер мамандарды дұрыс оқытпаудың 120-дан астам дерегін анықтады. Бұл  олардың біліктілігінің төмен,  еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетсіз болуына себепкер болады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру мен жастар тәжірибесін өтуге қатысты тексерулер жұмыс берушілердің өздерінің жұмыс істеп жүрген қызметкерлерін мемлекеттен заңсыз субсидиялар ала отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына ауыстырған деректерін анықтады.

Бірқатар қомпанияларда шетел азаматтарын жалған құжаттармен жұмысқа тарту,  Қазақстан азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, оларды қайта даярлау мен оқытуға байланысты жұмыс берушілерге рұқсат беру шарттарының орындалмау деректері анықталған.

Шетелдік кәсіпорындар, сондай-ақ шетел жұмыс күшін тартушы компаниялар қазақстандық қызметкерлердің құқықтарын бұзып қана қоймай, оларға тікелей кемсітушілік жасау деректеріне де жол беру жағдайлары орын алған.

Мысалы, прокурорлар теңдей атқарылған жұмыс үшін шетелдік қызметкердің жалақысы қазақстандық қызметкердің жалақысынан асып түсу деректерін анықтаған. Кейбір кезде біздің отандастарымыз шетелдік әріптестеріне қарағанда қолайлылығы кемдеу жағдайларда жұмыс атқарған.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар мен теріс пиғылды жұмыс берушілер заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, прокурорлар жүргізген тексерулер нәтижесінде әртүрлі мемлекеттік органдарға 171 прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді, 52 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген 2900-ден астам  рұқсат кері қайтарылды.

Бұдан басқа, Бас прокуратура анықталған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республкасы Үкіметіне ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда кейбір тәсілдерді қайта қарау туралы ұсыныс енгізді.

Алдағы кезеңде прокуратура органдары азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге байланысты үдемелі және мақсатты жұмыстарды жалғастыратын болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.