Е.Н. Татишевті өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

03 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы  «БТА банк» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы  Е.Н. Татишевті өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2018 жылғы 17 тамызда Аблязовтың әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 28-бабының 3-бөлігі,  96-бабы 2-бөлігінің «ж,з» тармақтары бойынша сараланды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі - ҚПК) 294-бабы бойынша күдікті Аблязовқа және оның қорғаушысына тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғанын және қылмыстық істің материалдарымен танысу басталғанын хабарлайды.

ҚПК-нің 296-бабы бойынша күдікті мен оның қорғаушысы қылмыстық істің материалдарымен бірге немесе бөлек танысуға, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы.

Бұған қоса, күдікті қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа процестік шешімдерді қабылдау, сондай-ақ істі сотта алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.

Қылмыстық істің материалдарымен танысу 2018 жылғы     5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Өкілдігінің ғимаратында мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 145-үй.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу