You are here

Еліміздің жолдарындағы апаттылық және жарақат алу жағдайы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы Бас прокуратураның Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті есебінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша 2016 жылдың қаңтар айында 2015 жылдың  осындай  кезеңімен салыстырғанда  жол-көлік оқиғасы 7,4 пайызға төмендеген.

Еліміздің жолдарында  1121 жол-көлік оқиғасы болып, онда  1656 адам зардап шекен, ал 2015 жылдың қаңтарында 1210  жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 1737 адамның денсаулығына зақым келген, оның ішінде 136-сы қайтыс болған.

ЖКО салдарынан 227 кәмелетке толмаған бала жарақат алып, олардың 11-і қаза тапқан.

Статистикалық көрсеткіштерге қарағанда жолдардағы апаттардың себептері  өзгермейді.

Жалпы, 90%-дан артық ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Сонымен, олардың кінәсінен 1065 апат жасалған, оның ішінде 17 алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.

Ең көбі - 351 ЖКО жылдамдықты арттырудан болды, соның салдарынан 53 адам қаза болып, 430-ы жарақаттанды.

Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 182 ЖКО-да 5 адам қаза тауып, 244-і жарақаттанды, қарсы қозғалыс жолына шығу салдарынан 40 ЖКО-дан 99 адам қаза болып, 41-і жарақаттанды.

Көп бөлігі немесе 509 ЖКО жүргіншілерді соғып кетуі салдарынан, 417 - көлік құралдарымен соқтығысудан және 59 - аударылу салдарынан болды. Жол апаттарынан ең аз зардап шегетін жүргізушілердің өздері, ал көп зардап шегетін жолаушылар мен жаяу жүргіншілер.

ЖКО-ның 30 пайызы Алматы қаласында орын алып отыр. 2016 жылы бұл аймақта адамдардың дене жарақатына және кісі өліміне алып келген 366 ЖКО тіркелген.

Апаттылығы аз Солтүстік Қазақстан облысы болып отыр, онда 14 ЖКО орын алған.

Маңғыстау 13 (26), Шығыс Қазақстан 82 (127)  және Алматы103 (132)    облысында ЖКО-ның азайғаны тіркелді.

Керісінше,  Павлодар 58(43) және Ақмола 27(19) облыстарында жол-көлік оқиғаларының саны артқаны байқалады.

Ақмола облысында жол-көлік оқиғаларының саны артуына байланысты онда жарақат алғандардың саны да өскен 50(31). Осындай өсу Павлодар 106 (57) облысында байқалады.

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың төмен көрсеткіші Алматы 23(35) және Ақтөбе 6(15) облыстарында тіркелген.

Елімізде тіркелген  ЖКО туралы жан-жақты ақпаратты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында http://service.pravstat.kz/  адресі  бойынша «Ақпараттық сервис» бөлімінде орналасқан Жол апаттылық картасынан алуға болады.

Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап  адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға көлік құралының қатысуы туралы ақпаратты беру сервисі Комитеттің сайтында қызмет жасайды.

Пайдаланушыға «Адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға көлік құралының қатысуы туралы ақпарат» қосымша бетінде автомашинаның нөмірін енгізу қажет болады, сосын ол дербес деректерді шығармастан, ЖКО күні, машинаның маркасы, қандай Жол қозғалысы ережесін бұзғаны туралы ақпаратты ала алады.

Ескерту: «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.