You are here

Еліміздің мектептерінде бұрын қылмысты болған адамдар жұмыс істейді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті еліміздің мектептерінде жұмыс істейтін білім беру саласындағы барлық қызметкерлерге тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдардың мұғалімдік қызметке алынған фактілерін анықтады.

Қолданыстағы заңдарда бұрын кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың белгілі бір түрін жасаған, сондай-ақ соттылығы жойылмаған адамдарды білім беру мекемелері мен ұйымдарына жұмысқа алуға шектеу қарастырылған.

Алайда, кісі өлтіргені және жас балаларды зорлағаны үшін бұрын сотталған адамдарды орта мектепке жұмысқа алу фактілері анықталды. Кейбір оқу орындарында соттылығы жойылған немесе ақталмаған негізде ісі қысқарған бұрын қылмыстың ауыр және аса ауыр түрлерін жасаған адамдардың жұмыс істейтіндігі белгілі болды.

Мәселен, бұрын жас балаларды зорлаған және оларды азғындыққа баулыған 4 адамның тікелей балалармен жұмыс істейтіні анықталды. Тіпті олардың біреуі ауыл мектептерінің бірінде кітапханашы болса, қалғандары ғимараттарға техникалық жағынан қызмет көрсетумен шұғылданатын болып шықты.

Тексеру кезінде қылмыстың басқа да түрлерімін сотталған 20-дан астам мұғалімнің соттылығының жойылмағаны немесе алынбағаны анықталды. Ал бұрын кісі өлтірген, әйел зорлаған, есірткі сақтаған және басқа да ауыр қылмыс жасаған 60-тан астам адам соттылығы жойылғаннан кейін мектептерде жұмыс істеп жүрсе, олардың үштен бірі тікелей бала оқытумен және тәрбиелеумен айналысады. Бұрын кісі өлтірген осындай бір адам соттылығы жойылғаннан кейін тіпті мектеп директоры болып отыр. Бұл ретте мұндай жағдайдың еліміздің әр аймағында бар екендігі алаңдаушылық тудырады.

Бұл тексерулерге колледждердің, кәсіби мектептердің, балалардың демалыс және дамыту, мәдениет мекемелері, кәмелетке толмағандар қатысатын басқа да ұйымдар қызметкерлері қамтылмағанын ескерсек, мұндай мысалдардың әлдеқайда көп екенін аңғару қиын емес.

Бүгінгі күні Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде қазіргі заңнамада соттылығы жойылған немесе алынған адамдар үшін тікелей шектеу болмағандықтан, Білім және ғылым министрлігі атына осындай заң бұзушылықтарды жою және қолданыстағы заңнамаға, ескіру мерізіміне қарамастан балалармен жұмыс істеуге кесел келтіретін қылмыстар тізімін кеңейтуге бастамашылық жасау жөнінде шаралар қабылдау үшін ақпарат жіберілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.