You are here

Еліміздің басты мейрамына орай өткен салтанатты жиналыс туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Ұжымды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, Бас Прокурор егемендіктің маңызын, еліміздің қол жеткізген жетістіктерін, мемлекеттілікті нығайтудағы прокуратураның рөлін атап өтті.

Тәуелсіздікті ту еткен жылдарымыз Қазақстанның жаңа тарихына экономиканың, әлеуметтік, мәдени және саяси жүйелердің қалыптасуына бағытталған маңызды өзгерістер мен реформалар кезеңі ретінде енеді, - деді Асхат Дауылбаев.

Президенттің сындарлы саясаты арқасында еліміз мемлекеттілікті құруда толайым табыстарға қол жеткізді, халықаралық қауымдастық алдында зор беделге ие болды.

Бүгінгі күннің басты мақсаты – қол жеткізген табыстарымызды нығайтып, баянды ету, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде еліміздің болашаққа қарай қарқынды дами беруін қамтамасыз ету.

Еліміздің басты мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен прокуратура органдарының бірқатар қызметкрелері мемлекеттік наградаларға ие болды.

Қостанай облысының прокуроры Марат Қайыбжанов және Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов II дәрежелі «Даңқ» орденінің, Бас прокуратура департаментінің директоры Ыбрайым Көзбаев «Құрмет» орденінің иегерлері атанды.

II дәрежелі «Айбын» орденімен Бас Прокурордың Аппараты басшысының орынбасары Магомед Акаев, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ерғали Мәбиев және Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбіл Қожахметов наградталды.

Орталық аппараттың және өңірлік прокуратуралардың еңбекте үздік болған бірқатар қызметкерлері «Жаунгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бас Прокурор барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтап, оларға тәуелсіз Қазақстанның одан әрі қалыптасуы жолындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде бұдан былай да зор жетістіктерге қол жеткізуді тіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.