You are here

Еліміздегі 2014 жылдың 5 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 5 айында Қазақстан Республикасында тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға (144 110-нан 138 520--ға) азайды, соның ішінде жалпы қылмыстардың 4,5%-ға (134 330-дан  128221-ге) төмендегені байқалады.

Қылмыстың барлық түрлері бойынша төмендеу байқалады, олардың ішінде аса ауыр қылмыстар 22 пайызға (1207-ден 971-ге дейін), ауыр қылмыстар – 25,4 %-ға ( 16 067-ден 11994-ке), ауырлығы орташа қылмыстар – 0,9 %-ға (109 833-ден 108 873-ке), ауыр емес қылмыстар -1,7 %-ға (17003-тен 16712-ге) азайған.

Бұл 2013 жылы төменгі шегіне жетуге мүмкіндік берген қылмыстылықты толық тіркеуді қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі болып табылады.

Қылмыстылықтың, оның ішінде жасырын қылмыстардың толық картинасын біле отырып, құқық қорғау органдарының күш-жігері қылмыстардың нақты профилактикасын жүргізуге жұмсалды.

Қылмыстылықтың негізгі құрылымын құрайтын қылмыстар – ұрлық 2,7 пайызға (82 839-дан 80 629-ға) және бұзақылық 12,8 пайызға (11 555-тен 10 072-ге) төмендеді.

Бұған Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілген және  алдын-алу шараларын қабылдаумен байланысты «Нөлдік төзімділік» қағидасы бойынша ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі жұмыстар әсер еткен,.

Ұсақ құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту және жұмыстың белсенділігін арттыру, бұдан да ауыр қылмыстарды жасаудың алдын алуға әсер ететіндігі баршаға мәлім.

Әлемде криминогендік жағдай бағаланатын индекаторлар да қылмыстың төмендегенін көрсетіп отыр.

Сонымен, кісі өлтіру саны 20,2 пайызға және өлімге соқтырған денсаулыққа зиян келтіру 15,1 пайызға, қарақшылық 47,9 пайызға және тонау 27,9 пайызға азайған.

Қылмыстың дәл осы түрлері қоғамдағы қылмыстылықтың шынайы ахуалын көрсетеді.

Жалпы қылмыстың төмендеуі еліміздің барлық аумақтарында байқалады. 

Бас прокуратураның

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.