Еліміздегі 2014 жылдың 4 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы

11 мамыр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 4 айында  еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,0 пайызға (110 542-ден 108 276542-ға), соның ішінде жалпы қылмыстардың 2,8%-ға (103 019-дан  100 136-ға) төмендегені байқалады.

Аса ауыр қылмыстар деңгейі 20,9 %-ға (935-тен 740-қа), ауыр қылмыстар 23,5 %-ға (12451-ден 9 524-ке) төмендеген.

Ауырлығы орташа қылмыстардың тіркелуі болмашы өскен, олардың өсуі 0,7%-ды (84 237-ден 84 821-ге), ауыр емес қылмыстың өсуі 2,1 %-ды (12 919-дан 13 191-ді) құрады.

Қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі 0,7%-ды (740), ауыр қылмыстар – 8,8 %-ды ( 9 524), ауырлығы орташа қылмыстар – 78,3 %-ды (84 821), ауыр емес қылмыстар -12,2 %-ды (13 191) құрады.

Кісі өлтіру деңгейі төмендеп келеді. Төмендеу 23,2 %-ды (393-тен 302-ге) құрайды.

Пайдакүнемдікпен жасалатын зорлық-зомбылық қылмыс түрлерінде де, атап айтқанда, қарақшылық пен (49,0 %) тонау (26,6%) бойынша осындай төмендеулер байқалады.

Қылмыстың дәл осы түрлері қоғамдағы қылмыстылықтың шынайы ахуалын көрсетеді.

Жалпы қылмыстың төмендеуі Алматы қ., Алматы және Батыс Қазақстан облыстарын қоспағанда еліміздің барлық аумақтарында байқалады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу