You are here

Еліміздегі 2014 жылдың 3 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 3 айында  еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға (77 073-тен 79 568-ге) өскен.

Ауыр қылмыстар  деңгейі  - 19,9 пайызға (8 778-ден 7 028-ге), аса ауыр қылмыстар-  13,8 пайызға (651-ден 561-ге) төмендеген.

Қылмыстың мынандай түрлері бойынша қылмыстылық өскен: ұрлық- 2,4 пайызға (44 811-ден  45 880-ге), бұзақылық- 5, 8 пайызға (5 545-тен 5 865-ке), алаяқтық - 21,9 пайызға ( 7 319-дан 8 922-ге) артқан.

Қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігін  (76 пайызын) құрайды.

Қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі – 0,7 пайызды (561), ауыр қылмыстар – 8,8 пайызды ( 7 028), ауырлығы орташа қылмыстар – 78,2 пайызды (62 239), ауыр емес қылмыстар 12,3 пайызды (9 740) құрады.

Бұл ретте еліміздегі криминогендік ахуал жалпы алғанда тұрақты деп айтуға болады, себебі аса ауыр қылмыстар  дейгейі 13,8 пайызға (651-ден 561-ге)  соның ішінде кісі өлтіру 21,1 пайызға (275-тен 217-ге) төмендеген.

Қылмыстылықтың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалды, тіркелген қылмыстардың өсуі құқық қорғау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібін ретке келтіруден кейін орын алып отырған жәйт. 

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөз  қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.