You are here

Еліміздегі 2014 жылдың 1-жартыжылдығындағы қылмыстылық ахуалы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 1-жартыжылдығында елімізде тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда   шамамен 5,5 пайызға ( 177 896-дан 168 132-ге) төмендегені байқалады.

Жалпы қылмыстылық барлық санаттарында төмендеген, атап айтқанда:

аса ауыр қылмыстардың - 24,3% (1461–ден 1106-ға), ауыр қылмыстардың - 25,7% (19 072-ден  14 172-ге), ауырлығы орташа қылмыс -2,1%  (135 379-дан 132 549-ға),ауыр емес қылмыстар  - 7,6% (21 984-тен 20 305-ке) төмендеген.

 Барлық тіркелген қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі 0,7%-ды (1106), ауыр қылмыстар – 8,4 %-ды ( 14 172), ауырлығы орташа қылмыстар – 78,8 %-ды (132 549), ауыр емес қылмыстар -12,1 %-ды (20 305) құрады.

Жасалған қылмыстардың басым бөлігі ауырлығы орташа қылмыстардың үлесінде.

Қылмыстылықтың алдын алу бойынша мемлекттік органдардың үйлесімді іс-қимылдарының  арқасында оның  негізгі түрлерінің азайғаны байқалады, мәселен  ұрлық - 3,1 пайызға ( 101 670-тен 98 502-ге) және бұзақылық - 16,3 пайызға(14 651-ден  12 265-ке)  төмендеді.

Қылмыстың өсуі алаяқтық бойынша  ғана3,3 пайызға артып отыр.

Былтырғыдай ағымдағы жылы да кісі өлтіру қылмысы - 22,6% (584-тен 452-ге) төмендеді.

Қылмыстылықтың пайдакүнемдік зорлық- зомбылық түрлері бойынша қарақшылықтың - 49,0% ( 913-тен 466-ға), тонау - 27,9% (9846-дан 7101-ге) төмендеу үрдісі жалғасуда.

Қылмыстылықтың осы түрлері қоғамның криминогендік нақты жағдайын көрсетеді және олар бойынша құқықтық тәртіп органдарының қылмысқа қарсы қабілеттілігіне баға беріледі.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың 14,1 пайызға,  мас болып және есірткіге елту жағдайында  жасалған қылмыстардың 2,5 пайызға азайғаны байқалады.

Өңірлер бойынша қылмыстылықтың төмендеуі Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық аймақтарда байқалды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.