You are here

Еліміздегі 2013 жылдың 8 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 6 қыркүйек 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 8 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 31,3 пайызға (2012 ж. 8 айындағы 184 418-ден а.ж. 8 айында 242 049-ға) өсті. Сондай-ақ, жалпы қылмыстардың да 30,9%-ға (2012 ж. 8 айындағы 172 811-ден а.ж. 8 айында 226 153-ке) өскені байқалады.

Қылмыстылықтың өсуі бірқатар қылмыс түрлерінің артуы есебінен болды, атап айтқанда: бөтеннің мүлкін ұрлау 19,8%-ға (2012 ж. 8 айындағы 115 992-ден а.ж. 8 айында 139 000-ға) артқан, алаяқтық 79,9%-ға (2012 ж. 8 айындағы 13 491-ден а.ж. 8 айында 24 267-ге) артқан, бұзақылық 89,4%-ға (2012 ж. 8 айындағы 10 671-ден а.ж. 8 айында 20 215-ке) артқан. Қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігін құрайды (76 пайыз).

Қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстардың үлесі - 0,8 пайызды (1926), ауыр қылмыстар - 10,3 пайызды (24 949), ауырлығы орташа қылмыстар – 76,4 пайызды (184 977), ауыр емес қылмыстар  12,5 пайызды (30 197) құрады.

Өткен кезең ішінде еліміздегі криминогендік ахуал жалпы алғанда ушықпаған, оған аса ауыр қылмыстар деңгейінің 12%-ға (2012 ж. 8 айындағы 2188-ден а.ж. 8 айында 1926-ға), соның ішінде адам өлтірудің 11,3%-ға (2012 ж. 8 айындағы 869-дан а.ж. 8 айында 771-ге) төмендегені дәлел.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.