You are here

Еліміздегі 2013 жылдың 7 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 1 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 7 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 31,2 пайызға (160 308-ден 210249-ке) өсті .

Қылмыстың өсуі сақталып отыр, бұл Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің есепке алу-тіркеу тәртібін нығайту жөніндегі жүзеге асырып отырған шараларынан болып отырған жағдай.

Қылмыстың  өсуі   бөтеннің мүлкін ұрлау, аляқтық, бұзақылық   сияқты қылмыстардың есебінен болып отыр.   

Қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігін –  75 пайызын құрайды.

Қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі - 0,8 пайызды, ауыр қылмыстар - 10,7 пайызды, ауырлығы орташа қылмыстар – 76,0 пайызды, ауыр емес қылмыстар  12,5 пайызды   құрады.

Қылмыстылықтың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалды, ең көбі   Астана қаласында және Ақтөбе, Маңғыстау мен Павлодар облыстарында байқалады.

 Осы уақыт ішінде аса ауыр қылмыстар 11,6 пайыз және кісі өлтіру 13,7 пайызға төмендеген. Ендеше еліміздегі криминогендік ахуал жалпы алғанда ушыққан жоқ деп айтуға толық негіз бар. Өйткені қылмыстылықтың негізгі көрсеткішін осы қылмыс түрлері құрайды.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

баспасөз  қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.