You are here

Елбасы Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кездесу барысында А.Дауылбаев Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының қызметі, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен кәсіпкерлерді қорғауды күшейту жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады.

Елбасы президенттік сайлаудың  әзірлігі мен оны өткізу кезеңінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан экономиканы қолдауға бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қадағалауды одан әрі күшейтудің маңыздылығын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы бизнес субьектілерін заңсыз тексерулердің саны 6 есе қысқарғанына тоқталды және кәсіпкерлер құқығының мүлтіксіз сақталуын бақылауды одан әрі қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті азаматтардың еңбек құқығын, әсіресе еңбекақы төлеу бөлігінде ілкімді қорғау қажеттігін айтты.

Бас прокурор республиканың барлық өңірінде сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай реестрі іске қосылып, жұмыс істеп жатқаны туралы баяндады. Онда қылмыстық құқық бұзу белгілері бар арыздар мен хабарлар тіркеледі.

А.Дауылбаев сондай-ақ бюджетті толтыруға және пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға бағытталған шаралар туралы баяндап, қадағалау қызметінің өзге де өзекті мәселелері туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

http://www.akorda.kz/kz/page/page_219308_

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.