Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 19 желтоқсан 2014 жыл)

19 желтоқсан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл  саласында халықаралық ынтымақтастық тиімділігін жоғарылату тетіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан прокуратура органдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен діни конфессиялар өкілдері, құқықтанушы ғалымдар, теолог-сарапшылар қатысты.

Семинардың басты мақсаты–Қазақстанның құқық қорғау және уәкілетті органдарының діни экстремизм және терроризммен күрес аясындағы шет елдердің құзырлы органдарымен өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Жиналыс барысында қазіргі заманғы ғаламдық қауіп-қатерлерге тосқауыл қою, экстремистік және террористік көріністердің профилактикасы және олардың жолын кесу шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Терроризмді ескертуді заңнамалық қамтамасыз ету және оның тиімді тетіктерін қалыптастыру, радикалды діни идеологияны таратуға септігін тигізетін факторларды жою мәселелері қаралды. Сондай-ақ діни экстремизм және терроризмге қатысты, соның ішінде террористік қызметтерді қаржыландырумен байланысты қылмыстық істерді тергеу барысында өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері қозғалды.

 

Бас прокуратура баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу