You are here

Экстрадиция туралы ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Республикамыздың аумағында қылмыс жасаған Қазақстанның үш азаматы Игорь Сычев, Дарья Флорис, Кристина Вебер және Түрік Республикасының азаматы Неби Байрамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін Беларусь Республиасының Бас прокуратурасы қанағаттандырды.

Қазақстанның құқық қорғау органдары бірнеше рет және аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін Д.Флорис пен К.Веберге іздеу жариялаған болатын.

И.Сычев адам денсаулығына қасақана түрде ауыр зиян келтіріп, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрді.

Н.Байрам ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болғаны және оның құрамында жүріп бірнеше рет аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасағаны үшін іздеуде болған еді.

А.ж. қаңтар айында бұлардың барлығын белорусь қызметі қолға түсірді. Екі елдің бас прокуратуралары арасында тәртіпке сай қалыптасқан өзара бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде олардың Қазақстанға берілуі туралы шешім қабылданды.

Бүгін іздеуде жүрген адамдар Белоруссиядан Қазақстанға әкелініп, Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.