You are here

Екінші Президенттік резервті оқыту курстарының аяқталуы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Құқық қорғау органдары академиясындағы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер үшін екінші оқыту курстарының аяқталуына арналған салтанаты іс-шара өтті.   

Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурордың бірінші орынбасары Меркель И.Д. резервистерді болашақ жауапты басшылық қызметке даярлауда оқу курстарының маңызын атап өтіп, қатысушыларды оның сәтті аяқталуымен құттықтады.    

Академия ректоры Байжанов Ұ.С. өз сөзінде оқу процесінің ерекшеліктері мен қорытындыларына тоқталып өтті.

Курс тыңдаушылары – құқық қорғау органдарының 16 басшы кадрлары (5 – прокуратура, 3 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, 8 – ІІМ), олардың ішінде 3 – орталық аппарат қызметкерлері, 13 – облыстық органдар басшыларының орынбасарлары.    

Резервистердің мәртебесі мен деңгейін ескеріп, білім беру үрдісінің басым бөлігі ұжымды қалыпты және сындарлы жағдайда тиімді басқару, стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық пен басшының жеке тиімділігі мәселелеріне арналады. Террористік акциялар мен жаппай наразылық кезінде келіссөздер жүргізу тактикасына жеке көңіл бөлінді.        

Екінші оқу курстарының бір ерекшелігі – әр резервисті жекелей оқытуға баса назар аударылуында, бұл аса тәжірибелі сарапшылардың қатысуымен кәсіби дағдыларды дамыту жөніндегі кеңестер әзірлеуге мүмкіндік берді.

Курстарды жоғарғы деңгейде әрі сапалы ұйымдастыру үшін, сабақтар тренинг түрінде 19 беделді ғалым және практика маманымен, соның ішінде мемлекеттік органдар басшылық құрамының 5 өкілімен өткізілді.   

Оқу іс-шарасын ұйымдастыруға Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы сот төрелігін жетілдіру» жобасының қатысушылары, мемлекеттік органдар мен еліміздің жетекші ғылыми-оқытушылық мекемелері белсенді ат салысты.      

Оқу іс-шарасының салтанатты жабылу рәсімінің соңында ревервистерге сертификаттар мен кеуде белгілері беріліп, ең үздік деп танылған сарапшылар мен тыңдаушылар марапатталды.   

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының жанындағы

Құық қорғау органдары академиясы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.