Екі адам Бас Прокурордың наразылығы бойынша ақталды

13 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор екі адамға қатысты қылмыстық істерді тоқтату жөнінде Жоғарғы Соттың алдында бастамашылық жасады. Мәселен, Сегизбаев заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін Көкшетау қалалық сотының үкімімен 1 000 АЕК мөлшерінде (1 982 000 теңге) айыппұл салуға сотталды.

Тағылған айып бойынша Сегизбаев алкогольдік ішімдіктерді көтерме бағамен сату бойынша кәсіпкерлікпен айналысып, өнімдерді көрші № 7 қоймада сақтаған. Ал  оған 2007 жылы берілген мемлекеттік лицензияда № 6 қойма көрсетілген. 

Бас прокуратураның қылмыстық іс материалын зерделеуі кезінде оның алкогольдік өнімді көрші қоймада сақтай отырып заңсыз кәсіпкерлікпен айналыспағаны, бар болғаны лицензиялау шартын бұзғаны анықталды. Сондықтан да ол лицензиясынан айырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылуға не лицензиясының күші тоқтатыла тұруға тиіс еді.

Екінші жағдайда Өзбекстан Республикасының азаматы Тажиев Атырау облысы Исатай аудандық сотының 2016 жылғы үкімімен соттың оны елдің аумағынан шығарып жіберу туралы шешімін орындамағаны үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салуға сотталып, Қазақстан Республикасының шегінен бес жылға шығарып жіберілді (ҚК-нің 393-бабы).

Бір жыл өткеннен кейін ол жоғарыда аталған соттың үкімімен тап сондай әрекеті үшін қайтадан алты айға бас бостандығынан айыруға, бірақ Қылмыстық кодекстің басқа 430-бабының 1-бөлігі (сот шешімін орындамау) бойынша сотталды.

Өз кезегінде Конституцияның 77-бабына және Қылмыстық кодекстің 4-бабына сай, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды.

Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығындағы уәждермен толығымен келісті және жоғарыда аталған адамдарды ақтап, олардың әркеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдары болмағандықтан қылмыстық істерді тоқтатты.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі   

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу