You are here

Дүниежүзілік банк есебінен сот төрелігі секторын институционалды нығайту жобасы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура Халықаралық қайта құру және даму банкінен бөлінетін қаржы есебінен сот төрелігі секторын институционалды нығайту жобасы аясында «Мемлекеттік органдардың е-Айыппұл автоматтандырылған ақпараттық жүйесі моделін жасау» жобасын консалтингтік сүйемелдеуді жоспарлап отыр.

Мақсаты – әкімшілік айыппұл салудан бастап, тараптарды хабарландыру, оны орындауға жіберу, өз еркімен немесе мәжбүрлеп өндіруге және азаматқа салынған барлық шектеулерді алуға дейінгі әкімшілік іс жүргізу процесін автоматтандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. 

Техникалық тапсырма мемлекеттік органдар мен осыған қатысы бар ұйымдардың (оның ішінде екінші деңгейлі банктердің) заңнамалық және техникалық базасын зерттеу, сондай-ақ осы мәселе бойынша халықаралық тәжірбиені зерделеу енгізілген.

Зерттеу нәтижесінде сараптамалық топ қажетті құжаттарды тіркей отырып, е-Айыппұл жүйесінің неғұрлым тиімді моделі бойынша ұсынымдарды жасап шығаруы тиіс. Қажетті құжаттар қатарына осы мәлесе бойынша заң жобасы, схемалар, құрылғылардың техникалық талаптары, ұсынылған жүйелік және қолданбалы бағдарламалардың сипаттамасы, бағдарламалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың ерекшеліктері, жобаны жасауға, енгізуге және Қазақстанда жүйенің жұмысын қолдап отыруға жұмсалатын қаржының толық есептері кіреді.

Техникалық тапсырма Халықаралық қайта құру және даму банкімен келісілген және сараптамалық топты іріктеп алу үшін ҚР Әділет министрлігінің сайтына орналастырылған.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылған талаптарға сай келетін IT-нарықтағы отандық кәсіпорындар мен ұйымдармен қатар, осы салада жұмыс жасайтын шетел фирмалары да шақырылады.

Хабарламаға қызығушылық танытқан консультанттар өзге де ақпараттарды төменде көрсетілген мекен-жай бойынша дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге (Астана уақытымен) дейінгі жұмыс уақытында ала алады.

Қызығушылықтар мен пікірлер төменде көрсетілген мекен-жай бойынша 2016 жылғы 25 наурыз күнгі сағат 18.00-ге дейін берілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Сол жағалау, Министрліктер үйі

Телефон: +7 (7172) 55 88 32, 54 09 81,

Факс: +7 (7172) 74 09 46

E-mail: jsisp@adilet.gov.kzzhakyyanova_k_m@pravstat.kz  және ospan1605@mail.ru

 Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.