You are here

Дүниежүзілік Банк делегациясымен кездесу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Меркельдің Дүниежүзілік Банк делегациясымен кездесуі болып өтті, онда сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының маңызды іс-шараларының жүзеге асырылуы талқыланды.

И.Меркель сот төрелігінің мүмкіндіктері мен тиімділігін арттыру, ақпараттық технологияларды дамыту мен бизнес үшін құқықтық ортаны жақсарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға мүдделілігін білдірді.

Кездесуде құқық бұзушылықтың жүйелі профилактикасын әзірлеу, құқық қорғау органдарын жаңғырту, соның ішінде кадр саясаты тұжырымдамасы бойынша шараларды жүзеге асыру, электрондық білезіктерді өндіруді ұйымдастыру, жекенің және мемлекеттің серіктестігі негізінде камералық сипаттағы түзеу мекемелерін салу, «е-айыппұл» бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану әңгіменің бөлек тақырыбына айналды.

Дүниежүзілік банк делегациясының жетекшісі Амитабх Мухерджи Жобаны жүзеге асырудағы қазақстандық прокуратураның рөлін жоғары бағалап, қаражатты тиімді пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екенін растады.

Тараптар болып өткен кездесудің қалыптасқан қарым-қатынастың одан әрі дамуы жолындағы жоғары маңыздылығын, оның келешекте Қазақстанның жаңа құқықтық дамуындағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.