You are here

Дөңгелек үстел отырысы туралы баспасөз баяны

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске асыру шеңберіндегі талдау нәтижелері талқыланған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі Ерлан Райғаниев,  Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаттары, Жоғарғы Соттың судьялары, мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, Ішкі істер министрлігімен, «БҰҰ-Әйелдер» Орталық Азиядағы көпмемлекеттік офисімен және Еуропа Одағының Қазақстандағы жобасымен бірлесіп іске асырылуда.

Іс-шараның мақсаты кешенді талдау нәтижелерінің таныстырылымын жүргізу және үйдегі зорлық-зомбылық профилактикасы және оны болдырмау, құрбандарға көмек көрсету бойынша ұсынылатын шараларды талқылау болды.

Үйдегі зорлық-зомбылық өте ауыр әлеуметтік зардаптарға әкеп соғады – шайқалған шаңырақ, бұзылған денсаулық, үзілген өмір. Қорлаудан, ұрып-соғудан және жәбірлеуден өз үйінде өздерін қорғай алмайтын ең әлсіз отбасы мүшелері зардап шегеді. Бұл әлеуметтік проблемамен күрестің негізгі міндеті – халықтың ұғым-түсінігін өзгертуде ғана емес, сонымен қатар осы проблемаға көзқарасты трансформациялауда жаңа амалдар іздеу.

Ұлттық және шетелдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда орталық және жергілікті деңгейлерде зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, жәбірленушілерді қорғау, құрбандарды оңалту және агрессорларды қайта әлеуметтендіру бойынша жеткілікті шаралар қабылданбайды.

Бүгін, осы проблемалармен жұмыс істеуде белгілі бір тәжірибе жинақтаған құқық қорғау және мемлекеттік органдар қоғамдық ұйымдармен бірлесіп еліміздің орталық аймақтарында ғана емес, сонымен қатар ең шалғай жерлерде отбасындағы зорлық-зомбылықты тұрақты түрде азайту бойынша толық шаралар кешенін ұсынды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар үйдегі зорлық-зомбылық профилактикасы және оны болдырмау, құрбандарға көмек көрсету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар жасап шығарды. Олар іске асырылып отырған жобаны одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.

А.ж. 25 маусымында Бас прокуратурада  ведомствоаралық кеңес өткенін еске саламыз. Кеңес барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жөнінде жоба ұсынылды, яғни жоба  шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа құқықтық және ұйымдастырушылық-тәжірибелік ескерту шаралары көзделген.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.