Доминиканнан экстрадицияланды

09 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 9 ақпан, Астана. Бүгін Қазақстан Бас прокуратурасының және ІІМ-нің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  9 млн. теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген күдікпен іздеген.

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұратуын шетел билігі өзаралық қағидасында қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта ұсталушы Астана қ. тергеу изоляторында.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 27 66

8 (7172) 71 28 19

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу