You are here

Діни терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелеріне қатысты семинар-тренинг туралы баспасөз ақпараты (Атырау қаласы, 2013 жылғы 3-5 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура институтының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің, «Астана Центр Консалтинг» қоғамдық қорының қолдауымен Атырау қаласында құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған «Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Семинар-тренингтің жұмысына Парламент депутаттары, Бас прокуратураның, Атырау облысы әкімдігінің, құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, халықаралық сарапшылар мен ғалымдар, сондай-ақ діни және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, қоғамда діни радикализмді тудыратын себептер мен жағдайларға қатысты мәселелерді жан-жақты талқылап, діни экстремизмге және терроризмге қарсы әрекет етудің жүйелі шараларын және оған қатысты ұсыныстарды тұжырымдау болатын.

Семинар-тренинг жұмысының қорытындысы бойынша дәстүрлі рухани құндылықтарды сіңіру арқылы халықтың, әсіресе жастардың арасында теолог–дінтанушылардың қатысуымен діни талаптарды түсіндіру бойынша кең ауқымды шаралар ұйымдастыру арқылы діни сауаттылықтың деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.