You are here

«Әділдік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2016 жылғы 8 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Жоғарғы Сотта «Әділдік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» жобасы таныстырылған дөңгелек үстел өтті. Жобаны Бас прокуратура мен Жоғарғы Сот Еуропалық Одақтың қолдауымен әзірледі.

Дөңгелек үстел жұмысына Президент Әкімшілігі өкілдері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері, судьялар, прокурорлар, адвокаттар, нотариустар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Жобаны таныстыра отырып, Бас Прокурор Жақып Асанов оның негізгі идеялары туралы айтып өтті. Жобаның мақсаты – заңды болса да логикаға сыйымсыз және әділетсіз шешімдер қабылдауға мәжбүрлейтін нормаларды анықтап, жою.

«Прокуратура мен соттың нақты Жоспары бар. Жоба командасында судьялар, адвокаттар, нотариустар, прокурорлар жұмыс жасауда. Заңнамалық сипаттағы шаралар көп. Әділет министрлігінің қолдауы қажет. Біз барлық істердің жартысын құрап отырған даулардың үш санатын талдайтын боламыз»,-деді Ж.Асанов.

Қадағалау ведомствосының басшысы «келісімдердің тазалығын» тексеретін тетікті енгізуді ұсынды. Сатып алу-сату келісім-шартын жасамас бұрын нотриус алдыңғы барлық келісімдердің жарамдылығын тексеруге міндетті болады. Осылайша, бұл рәсім барлық адал сатып алушыларды алаяқтардың айласынан қорғайтын болады.

Жоба аясында зерттеу жоспарланып отырған келесі мәселе – мемлекеттік мұқтаждық үшін жерді қайтарып алу кезіндегі өтемақының әділетті болуы. Ж.Асановтың пікірінше, басты назарды шамалас үйлер мен пәтерлерді салу және беру арқылы өтеуге аудару қажет.

Жоғарғы сотта айтылған тағы бір тұжырымдамалы ұсыныс – азаматтық процесте судьлардың рөлін кеңейту. Судьяда процедуралық ресімдердің шеңберінен шығу құқығы болуы қажет, бұл екінші жақ өзін қорғай алмаған жағдайда маңызды. Осы кезде судья оған уақтылы әрі білікті көмек көрсете алады. Мысалы, әділдікті қалпына келтіру үшін арыздың мәнін өзгертуі мүмкін.

Жоба аясында қылмыстық жаза тағайындау тәжірибесін және ақтау үкімдері санының аз болуының себебін зерттеу жоспарланып отыр.

Бас Прокурор қоғамды жобаның іске асуына белсенді атсалысуға шақырды. Ол үшін Бас прокуратура мен Жоғарғы сот сайттарында арнайы форумдар ашылатын болады. Әркім сотттардың заңға сәйкес, алайда әділетсіз шешім қабылдауға мәжбүр болған мысалдар келтіре алады. Енгізілген ұсыныстар заң жобасына арналған ұсыныстарды әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Жобаның маңыздылығын атап көрсете отырып, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми кез-келген мемлекеттің негізі әділеттіліктен құралатынын атап өтті. «Әділдік пен төрелік - егіз ұғымдар. Сотқа келген әрбір өтінішті әділдікті іздеу деп есептеуге болады»,-деді еліміздің бас судьясы.

Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар өз ұсыныстарын енгізді. Арнайы ведомствоаралық топ оларды қарастырып, жүзеге асырумен айналысатын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.