You are here

«Дауларды шешудің баламалы тәсілдері, бітімге келу рәсімдері – қалпына келтіру сот төрелігінің негізі» (2016 жылдың 3 наурызы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жақып Асановтың «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі мен құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінің тезистері 

Төрт жыл бұрын, 2012 жылы біз прокуратурада «бізде неліктен талап арыздар мен шағымдар тым көп?» деген сұраққа жауап іздеген едік

5 жыл ішінде азаматтық істердің өсімі - 40%. 2007 жылы - 380 мың,  2012 жылдың өзінде -  600. Қазір талап арыздар саны - 700 мыңнан астам. Әбір істе кем дегенде екі тарап. Демек, дауларда кем дегенде 1,5 млн. азамат бар. Бұл қарттар емес, балалар да емес, халықтың экономикалық белсенді бөлігі. Олардың бизнесі, жұмысы, отбасы бар. Бірақ алтын уақыттарын олар айтыс-тартысқа жұмсайды. Шенеуніктер әскері де тартылды: сот аппараты, меморгандар, сот орындаушылары. Осындай орасан зор қақтығыс көлемі қоғамның көңіл күйіне әскер етеді және еліміздің елеулі қаржы ресурстарын тежейді.

Кәсіпкерден «Жағдайың қалай?» деп сұрап көріңіз, әдетте «Соттасып жүрмін!» деген жауап аласыз. Қазіргі өміріміздің шындығы осы.

Теміртауда кешегі серіктестер мен отбасылық достар 20 мың доллар қарыз үшін араздасты. Жеңілген ерлі-жайыптылар винчестер сатып алып, қуынушыны атып өлтірген, бұл жағдай Ұлы дағдарыс жылдарында АҚШ-та болған Бонни мен Клайд секілді қылмыстық жұпқа ұқсайды.

Және неліктен біздің социумда ажырасу жағдайлары тым көп?

Бұл жерде кемінде 5 себеп бар.

Біріншіден, 99 жылғы ескі АІЖК осындай даулар көлеміне есептелмеген болатын. Ол 61 жылғы кеңестік кодекстен көшіріп алынған. Ол кезде басқа идеология, барлығын КССРО Конституциясының 6-бабы шешетін еді және билік те Компартия қолында болды. Оған барлығы: ажырасу мен кемелерге дейінгі, газет пен ТВ-ға дейінгі барлық нәрселер тиесілі еді. Сондықтан дауалар саусақпен санарлық болды.

Екіншіден, қиын 90-дарда, біздің сот төрелігі «кемесіне» объективті қауіп-қатерлерден өзінің дара ұтымды жолын табу қажет болды. Ол уақытта сот төрелігін барынша қол жетімді ету міндеті өзекті болды. Олай болмаған жағдайда, бұл саланы «криминалды фемида» өз қолына алып алған болар еді.

Үшіншіден, біздің адамдарымыз заңды білмейді. Бұны мектепте де, жоо-да да оқытпайды. Олар ойланбастан несилер алады, кепілге жалғыз баспанасын береді, мәмілелерге таныспастан қол қояды, ауызша уәдемен қарызға ақша береді. Кейін істе жеңілгенде барлығы үшін сот пен мемлекетті кінәлайды. Біреуі мұнара кранына мінеді, екіншісі өзіне-өзі қол саламын деп қорқытады, үшіншісі ереуілге шығады. Бұның барлығы бізге тән тағы бір қасиетпен ушыға түседі – біз шыдағымыз, күткіміз келмейді. Осыдан бір апта бұрын Атырауда сотта біреу өз анасы мен туған ағасынан жеңілді және дәл сот ғимаратының алдында бензин құйып өзін өртеп жіберді.

Төртіншіден, заң қызметтерін ерінбегеннің бәрі көрсетеді. Клиенттер есебінен қомақты ақша табады, алайда көп жағдайда оларға зиянын тигізеді. Нәтижесінде бәріне кінәлі бәрібір судья болып шығады, себебі ол шешім шығарды.

Бесіншіден, біздің заңдарымыз жетілмеген және халықтың мәдениеті мен рухына әрқашан сай бола бермейді. Социолог Токвиль айтқандай: «Егер заңға халықтың әдет-ғұрпы қарсы тұрса, ол пәрменді бола алмайды».

Бұрығы замандарда соттың, билердің негізгі міндеті дауласушыларды татуластыру болған еді. Қазақтарда мынадай мақал бар: «Даудың мәні мен мақсаты – оны аяқтау». Бұл гендік деңгейде сіңген. Бірақ осы қасиетімізді ескермей бізді тар шеңберге тығып қойды: тезірек сотқа талап арыз бер, әккі тактиканы таңда, қарсыласыңды жой, бір қадам да артқа баспа. Сондықтан сотта көпшілігі тіпті отбасы ішіндегі проблемаларды да шешуге тырысады: ағасы інісімен, әкесі баласымен. Бұндай шешім басымызға кіріп те шықпайтын еді.

Дауларды шешудің баламалы тәсілдері жұмыс істемейді деп айтуға болады. 2012 жылы медиаторлар бір мыңға жетпейтін азаматтық дауларды шешкен. Талап арыздардың жалпы санымен салыстырғанда – бұл теңіз тамшысындай.

Соның салдарынан соттарға түсетін жүктеме орасан зор. Олар тура мағынасында процестер мен қағаздарға «батып қалды». Бір судьяға айына 60 процестен болды, Ал Алматы мен Астанада бұл көрсеткіш – 150. Бір күн ішінде судья 7 процесс жүргізген. Реалист болайық – бұл дегеніміз «адам тағдырларының конвейері». Оның үстіне оларды уақыт қыспаққа алған және мерзімін бұзудан қорыққан. Бұл олардың шешімдерінің сапасына да әсер еткен.

Осындай мейлінше ұқыпты жасалған прокурорлық талдау нәтижесі «Бітімгершілік-Қылмыстық және азаматтық процестердегі бітімгершілік» жобасы болды.

Оның мақсаты – қоғамдағы жанжалды жағдайды төмендету, дауларды азайту, бітімгершілік және дауларды шешудің басқа да баламалы тәсілдерін енгізу.

Бұл туралы 2013 жылдың 25 қаңтарында біз Президентке жаздық, жарты жыл өткен соң, 18 маусымда, Жұртшылық жобасының таныстырылымын өткіздік. Бірізді Жопар жасадық және оны Жоғарғы Сотпен ілгерілетеміз деп шештік.

Жоба негізіне екі доминанта алынды:

Бірінші. Мемлекет социумда тауындайтын барлық даулар бойынша арбитр бола алмайды және болмауы тиіс.

Және, екінші. Тараптарды татуластыратын соттың қолынан барлығы келеді.

Осылайша, «Бітімгершілік-Примирение» ғаламдық юриспруденцияның негізгі трендін де ескерді, ол – ымыралы тәсілдер мен қазақ құқығының үздік дәстүрлерін ауқымды түрде  пайдалану.

Бір сөзбен айтқанда, Жоғарғы Сот пен прокуратураның жобасы жақын уақытта бүгінгі күннің сын-қатерлері мен шындықтарына төтеп берер жаңа АІЖК қабылдануына ықпал етті.

Ондағы бітімге келу рәсімдерінің жиынтығы қандай?

Біріншіден, «Бітімге келу рәсімдері» тарауы пайда болды. Бұндай бұрын ешқашан болмаған еді. Бұрын судьялар тезірек шешім қабылдауға мүдделі болды. Ал қазір бітімге келтіру – судьяның міндеті.

Екінші. Отырысқа дайындалу үшін судьяда тек 5 жұмыс күні ғана болды. Сондықтан бұл сатыдан олар аттап өтетін болды. Ол қағаз жүзінде, белгілену үшін ғана болатын әрекетке айналды. Тараптар кездескен жоқ, тіпті таныс болған да емес – оларды гладиаторларша тез-тез сот аренасына шығарды.

Енді дайындық – ымыра іздеу мен дәлеледмелер алмасудың басты алаңы. Тараптар мүмкіндіктерін бағалайды және егер дауды жеңетінін түсінсе және сотсыз келісімге келу анағұрлым пайдалы екенін түсінсе, «сот марафонынан» бас тарта алады.

Үшінші. «Дәлелдемелерді ашу» ережесі жұмыс істей бастады. Бізде заңгерлер көзірлерін соңғы сәтке дейін ұстағанды ұнатады. Кейін апелляцияда немесе кассацияда күтпеген жерден оларды қоныштарынан шығарып жатады. Бұл бұрын қайта қарауға және талқылаудың жаңа айналымына әкеп соғатын еді.

Енді тараптар өздерінің барлық уәждерін дайындық сатысында ұсынуға міндетті. Егер әдейі мән-жайды ашпаса, кейін сот та оны қабылдамайды.

Төртінші. Жаңа тұлға пайда болды, ол - «бітістіруші судья». Мойындайықшы, медиаторлар іздеуге, тіпті кәсіби болған күннің өзінде оларды іздеуге көпшілігі бара бермейді. Әзірге оларға сенбейді. Ал медиацияны мантия киген адам жүргізсе, мәселе басқаша. Сенімді, тегін. Дауласушылар барлық келіспеушіліктерді шеше отырып, талап арыз шеңберінен шыға алады.

Бесінші жаңа институт – бұнда бітімгершілікке адвокаттар мен нотариустар тартылады. Мысалы, партисипативті рәсім кезінде татуласу келісімін тараптардың адвокаттары жасайды. Басы артық эмоция болмаған кезде, шығар жол табу кәсібилерге оңайырақ.

Алтыншы аспект. Бұрын сот кез келген талап арызды қарауға міндетті болған. Енді кейбір даулар сотқа дейін шешілуі тиіс. Салық және кеден дауы. Фискалдар шешіміне сотқа шағым бергенге дейін, қуынушы алдымен жоғары тұрған органға жүгінуі тиіс. Олай болмаған жағдайда сот талап арызды қабылдамайды.

Жалпы, жаңа АІЖК дауларды шешу жолдарын іздеу үшін жағдай жасады, адамдарға бірін-бірі естуге мүмкіндік берді. Яғни сот дау-дамай мен ерегіс үшін емес, диалог үшін алаңға айналуда.

Және соңғысы. Халқымыздың мәдениеті тақырыбын қозғағанда, басқа да идеялар жол ашылды.

Қазір біз «Шағымсыз қоғамға» деп аталатын жаңа Жоба әзірлеудеміз. Мемаппарат олардың ағынының астында қалды. Осы жұмыс шеңберінде адамдар өз қатынастарын мемлекетпен сотта шешуге мәжбүр болатын себептерді түсінгіміз және жойғымыз келеді.

Сонымен қатар, кейбір құқықтық нормалар әділдікті біздің менталитет пен дәстүрлерге негіздеп жасау тұрғысында қарап шығуды қажет етеді.

Өмірден мысал келтірейін.

Екі әйел алдау арқылы Женаливке тұрғын үй сатқан, - ал ол одан әрі Құрманғалиеваға сатқан. Бұл үшін алаяқтарды соттады, және үйді иесіне қайтарды. Нәтижесінде үлкен отбасы – оның өзі, күйеуі, кәрі ата-анасы мен кішкентай балалары, барлығы 11 адам далада қалды, мойындарына үлкен мөлшерде кредит артылды.

Жанболатов бар өмірінде ауылда тұрды, бірақ қалаға көшемін деп шешті. Бүкіл малы мен үйін сатты. Осы ақшаға Екібастұздан пәтер сатып алды, алайда ол да алаяқтардың құрбаны болды. Құжаттар жалған болып шықты. Сот сатып алу-сатуды заңсыз деп танып, үйді бұрынғы иесіне қайтарып берді және Жанболатовты үйден шығарып жіберді.

Волковтың пәтері болды. Түрмеде ортырған уақытта әйелі жалған сенімхат жасап сатып жіберген. Бостандыққа шыққаннан кейін барлық мәлімелерге дау білдірген және оның алтыншы сатып алушысы мүлкінен айырылған.

Бұл адамдардың барлығы ақшасыз, үйсіз қалды. Судьялар оларға қуана көмектескісі-ақ келеді, бірақ заң талабына бағынулары керек. Бұл сот беделіне қатты нұсқан келтіреді.

Бір жағынан, заң алғашқы меншік иелерінің құқықтары қорғайды. Бұл дұрыс. Бірақ біз адал сатып алушылар туралы неге мүлдем ойламаймыз. Олар да адал меншік иелері ғой, олар да мемлекет жазып берген барлық ережелерге сүйеніп сол мүліктерді иеленген. Шарттарды нотариустар да, ХҚО-лар да тексерген.

Бұл тәсілдерде мәмілелердің «тазалығын тексеру» тетігі дұрыс жасалмағандығы анық көрініп тұр. Ал қазір бұндай даулар жүздеп, тіпті мыңдап кездеседі.

Немесе үлескерлермен жағдайды алайық. Салушылар бұдан былай алдамау үшін заң қабылдадық. Қатаң шарттар қойдық. Бірақ олар басқа жол тауыпты: инвестшарттар жасаса бастады. Бұл үлескерлік шартқа ұқсайды, бірақ басқа атаумен жасалған  және баспананы тапсыратындығына еш кепілдік берілмейді. Яғни тағы да заңды айналып өтуде, ал мемлекет әдеттегідей, қалыс қалды. Бұдан кім зардап шегеді? Әрине, адамдар.

Алайда біз бұндай проблемаларды көптеген дамыған елдер де өткергенін түсінеміз. Сол «даму ауруы» бізде де қазір болып жатыр.

Сондықтан түрлі қулық-сұмдықтар мен айқын әділетсіздіктікке жағдай жасайтын нормаларды табу және жою үшін құқықтық базаны мониторингілейік. Осындай жағдайлар практикада пайда бола салысымен оларға ықпал етудің айқын тетігін жасау қажет.

Қарапайым құқықтық білмсіз ешқайда бара алмайтындығына азаматтарымыздың көзін жеткізу керек. Адамдарға қандай да бір базалық нәрселер үйрету және оларды айқын қателіктерден қорғау үшін құқықтық жалпы оқыту қажет.  

Бұндай шараларсыз сот төрелігіне деген сенімге қол жеткізу өте қиын болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.