You are here

Чехиядан экстрадицияланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чехиядан Владимир Чаплинскийді экстрадициялады.   

Анықталған тұлғаны беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының тиісті сұраун Чехияның Әділет министрлігі қанағаттандырды.

Чаплинский 2007 жылы «Агат-7» ЖШС-нің директоры лауазымында болған кезінде, мемлекеттік мекемемен Балқаш қаласында мектеп салуға шарт жасасқан. Өзінің қызметін асыра пайдаланып, жұмыс актілеріне жалған мәліметтерді енгізгіп отырған. Оған 39 млн.теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік тағылды.  

Чаплинский қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, халықаралық іздеуде болды.   

Бас прокуратура оның елге берілу жұмыстарын 2011 жылдан бері жүргізіп келді.

Қазіргі уақытта В.Чаплинский Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 29 38

8 (7172) 71 28 19

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.