You are here

БҰҰ өкілімен кездесу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мен БҰҰ-ның бейбіт жиналыстар және бірлесу құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Майна Киаи кездесті.

Кездесу барысында БҰҰ өкілі прокуратура органдарының қызметі және азамттардың бейбіт жиналыстар және бірлесу құқықтарын жүзеге асырудағы олардың рөлі  туралы хабардар болды.

А.Кравченко атап өткендей, прокуратура өз қызметінде негізгі салмақты құқық қорғаушылық қызметке салады. Бұл ең алдымен адамның және азаматтың, әсіресе, әлеуметтік саладағы құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған күш-жігеріне қатысты.

Сондай-ақ арнайы баяндамашы қоғамның әртүрлі салаларын қамтитын  азаматтық қоғам институттарымен прокуратураның жұмысы жөнінде танысты.

Кездесу нәтижесінде тараптар Қазақстандағы бейбіт жиналыстар және бірлесу құқықтарын жүзеге асыруға қатысты пікірлерімен алмасты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.